Көкшетауда мәуліт мерекесі тойланып өтті
Алланың елшісі, соңғы пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның дүниеге келген айы – Мәуліт мерекесі қазақ қоғамы үшін айшықты оқиғалардың біріне айналды. Тәуелсіздік алғалы бұл мереке аса ыждаһатты жағдайда тойланып келеді. Жылдағы дәстүрмен Көкшетау елі өз пайғамбарына салауат айтып, ізгі тілек тіленген рухани кештің куәсі болды.
Осы күні «Көкшетау» мәдениет сарайында көрерменнің көптігінен ине шаншар орын болмай, Алланың елшісіне деген сағыныштары сонша, тік тұрып қошемет білдіріп жатты. Сахна шымылдығы Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің фольклорлық ансамблінің композициялық ұлттық нақышта орындалған туындымен ашылды.
Кеш жүргізушісі ақын Жайнарбек Зандыбай алғашқы сөзін Аллаға мадақпен бастап, Мүфтияттың ресми өкілі Жұманазар қажыға құттықтау сөз берді. Мәуліт кеші