29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

«Қырағының өзі де, көзі де батыр» ұранын желкен еткен рота командирі

Тәуелсіздік Алла берген бақ, сарқылмас байлық, биік құндылық. Сол тауелсіздік хақында найзасын қайрап та, қаламын ұштап та тер төккен бабаларымыз қаншама.Солардың ізін басып, ел ертеңі үшін алаңдап, жігерін жанып, қайратымен қамданған азаматтар кем емес. Солардың бірі де,бірегейі де Атбасар қаласындағы 5510 әскери бөлімі 4 жеке атқыштар ротасының командирі капитан Жамал Райымбек Сүндетбекұлы. Білімі мен біліктілігін бірге ұстаған рота командирі сәуір айының 20 жұлдызында 29 жасқа толды.

«Отызда орда бұзбаған,қырықта қамал алмайды» деген ата-бабамыздың сөзі шынымен-ақ орынды. Бірақ 30-ға жасы жетпеген капитан Жамал ордасын бұзып, қамалын алуға көз тіккен. Көкірегінде ел мен жерге деген сүйіспеншілік пен Отанға деген адалдық кернеген. Бүгін де 131 жас сарбазды баласындай көріп, білгенімен бөлісіп, білімін аямаған азаматқа айтар алғыстары шексіз жас ұландар саны арта түсуде.

Капитан Жамал 1994 жылы Түркістан облысы Ақсуат ауданында дүниеге келген. Орта білімді аяқтаған соң Петропавл қаласындағы «Ұлттық Ұлан» академиясына түсіп, тәлімі мен тәрбиесі үздік түлектердің біріне айналды. Оқу ордасында бір нанды бөлісіп жеп, бірге қиындық көрген қарулас бауырларының есінде ізденпаздығымен,мойнына жүктелген тапсырмаларды мұқият орындаушылығымен есінде қалған. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң, қызмет жолын 2016 жылы 5510 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының взвод командирі ретінде бастаған. 2018 жылы ақпан айында Гранитный кентіндегі 1 жеке атқыштар ротасының рота командирі қызметіне тағайындалып, айбынды сарбаздардың абыройын арттырып, бойынан ойы биік, пікірі ұшқыр азаматтарға айналдыра білді. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Атбасар қаласындағы 4 жеке атқыштар ротасына қызмет орындығын ауыстырды. Аз ғана уақыт ішінде офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің арасында абыройын арттырып, жас сарбаздардың алдында үлгі тұтар азамат ретінде танылды.Ұйыған рота ұясының керегесін кеңейтіп, шаңырағын одан әрі биік көтеруге барынша тырысып,қызметке белін буып, беріле, білек сыбана кірісуі басқа офицерлерге үлгі, жас сарбаздарға өнеге.

Ата-анасынан тәрбие мен адамгершілік қасиеттердің бүге-шігесін жете түсініп, өмірге қажетті қасиеттердің биік сатысына қол созған капитан Жамал үйренгені мен білгенін жас сарбаздардан мүлде аямай, олардың алдында жақсы атпен беделін жоғалтпай, пайым деңгейі мен сана биігіне өрлеуге ықпалын тигізіп жүр. Бәрінің екінші әкесіне айналған рота командирі жайлы жас сарбаздар тек жылы пікір танытып, жылы лебіздерін ізгі ниетте, шын жүрекпен айтады.

Қолға алғаш қару алғанда адамның барлығы дерлік қобалжып,қорқатыны белгілі. Менің де алғаш Атбасар қаласына келіп, жауыңгерлік қызметке түсер алдында солардың қатарында болдым. Сол абыржу мен қобалжуды бойымнан алуыма бірден-бір себеп болған адам ол – капитан Жамал. Кешегі тай құлындай достармен тебісіп ойнаған бала жүрек, бүгінде қару ұстаған үлкен азаматқа айналып жатыр. Осы тұста капитан Жамалдың атын айтпай кетпеске болмайды. Жеке басымның қиындықтары мен ауыртпалықтары орын алып жатқанда, мен капитан Жамалдың офицер, рота командирі екенін ұмытып,ішкі жан дүниемді ақтара айтамын. Ол кісі менің бетімнен қақпай, ағалық ақылын аямай, қолдаудан шаршамайды. Тек мені емес, басқа да қарулас бауырларымның қиын сәттерінде демеу беріп, игілікті істерімен қол ұшын созады.

— деп ағынан жарылды жас ұлан, қатардағы жауыңгер Наурызбаев Қуаныш.

Еліміз дамудың даңғыл жолында даралана түсуі үшін еңбек еткен капитан Жамал сынды ел азаматтары көп болғай. Райымбек Сүндетбекұлын туған күнімен шын жүректен құттықтап,отыздың ойын басып,қырықтың қырын асуын тілейміз. Қызмет барысында толағай табыстар мен жоғары лауазымдағы жетістіктер, отбасына амандық, береке мен бірлік тілейміз.

Мы в Instagram! Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!