Нұрлан Әбдіров сайлау учаскелерінде үгіт материалдарының болмауы тиістігін ескертті
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау учаскелерінде үгіт материалдарының болмауы тиістігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ешқандай үгіт-насихат болмауы тиістігін бірнеше рет айттым. Мұқият болыңыздар. Біз тікелей де, жанама да үгіт-насихатқа қатыспаймыз. Біздің міндетіміз - алдағы рефрендумға қатысуға құқығы бар азаматтарға оның өтетіндігі туралы ақпаратты жеткізу. Оларға құқықтарын түсіндіріп, іс-шараның мәнін жеткізуге тиіспіз. Бізде, сайлау учаскелерінде еш жерде үгіт-насихат материалдары болмауы тиіс»
- деді Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында.
Айта кетейік, бүгін Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумға халықаралық байқаушылар ретінде қатысу үшін Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен