10 января 2022 года – день общенационального траура в Республике Казахстан

Нұрлан Әбдіров сайлау учаскелерінде үгіт материалдарының болмауы тиістігін ескертті

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау учаскелерінде үгіт материалдарының болмауы тиістігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ешқандай үгіт-насихат болмауы тиістігін бірнеше рет айттым. Мұқият болыңыздар. Біз тікелей де, жанама да үгіт-насихатқа қатыспаймыз. Біздің міндетіміз — алдағы рефрендумға қатысуға құқығы бар азаматтарға оның өтетіндігі туралы ақпаратты жеткізу. Оларға құқықтарын түсіндіріп, іс-шараның мәнін жеткізуге тиіспіз. Бізде, сайлау учаскелерінде еш жерде үгіт-насихат материалдары болмауы тиіс»

— деді Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында.

Айта кетейік, бүгін Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумға халықаралық байқаушылар ретінде қатысу үшін Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 272 өкілін аккредиттеген болатын.