Айжан Есмағамбетова референдум күніндегі қауіпсіздік іс-шараларын атады
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова референдум күнінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қандай іс-шараларды сақтау қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәулігіне 10 жағдайға дейін тіркелуде. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 3 наурыздан бастап республика және барлық өңірлер жасыл аймақта. Елдегі тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық карантиндік шектеулер алынды
- деді вице-министр Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында.
Сонымен қатар ол референдум өткізу кезінде қандай алдын алу іс-шараларын қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.
Оның ішінде: адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтап, реф