29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Нулевую материнскую смертность зафиксировали в Акмолинской области

Медицинская сфера региона показывает положительную динамику по всем ключевым направлениям. В области строят новые современные больницы, внедряют цифровые технологии и системно решают кадровый вопрос. Об этом на брифинге в Региональной службе коммуникаций рассказал руководитель Управления здравоохранения области Нариман Ермек.

Особое внимание уделяется обновлению инфраструктуры. В Кокшетау более чем наполовину завершено строительство новой многопрофильной больницы на 630 коек. Проект станет современным медицинским комплексом с полной инфраструктурой — от диагностики до реабилитации. В сельской местности также идет работа: введены 38 новых объектов ПМСП, а в Атбасаре завершили капитальный ремонт районной больницы.

Развитие системы идет последовательно по всем направлениям: инфраструктура, оборудование, кадры и цифровизация. Сегодня мы находимся в активной фазе модернизации, открыто признаем существующие вопросы и системно их решаем

— подчеркнул Нариман Ермек.

Значительные изменения зафиксированы в борьбе с опасными заболеваниями. Благодаря новой технике и ранней диагностике смертность от сахарного диабета снизилась на 85%, а от инфаркта миокарда — на 40%. Активно развивается цифровизация: через телемедицинскую сеть жителям оказали более 130 тысяч услуг, а в практику внедряются системы с использованием искусственного интеллекта.

Чтобы решить вопрос дефицита кадров, в регионе предусмотрены выплаты для врачей, переезжающих на работу в села и города. Особую поддержку получают специалисты остродефицитных профилей. Благодаря этим мерам в систему здравоохранения области уже удалось привлечь более 250 медицинских работников.

Стабильная ситуация наблюдается и в экстренной службе. Парк скорой помощи сегодня укомплектован на 100%, что позволяет оперативно отрабатывать вызовы по всему региону. Кроме того, за отчетный период в области не допущено ни одного случая материнской смертности.
Наше сообщество в Одноклассниках. Вступай!
Ақмола облысында денсаулық сақтау саласы барлық негізгі бағыттар бойынша оң динамика көрсетіп отыр. Өңірде заманауи ауруханалар салынуда, цифрлық технологиялар енгізілуде және кадр тапшылығы мәселесі жүйелі түрде шешілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек мәлімдеді.

Инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударылуда. Көкшетау қаласында 630 орындық жаңа көпбейінді аурухана құрылысы 50 пайыздан астам аяқталған. Аталған жоба диагностикадан бастап оңалтуға дейінгі толық қызмет көрсететін заманауи медициналық кешенге айналмақ. Сонымен қатар ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің 38 жаңа нысаны пайдалануға берілді. Атбасар қаласында аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылым, жабдық, кадр және цифрландыру бағыттары бойынша кезең-кезеңімен дамып келеді. Қазіргі таңда біз жаңғыртудың белсенді кезеңіндеміз, барлық өзекті мәселелерді ашық айтып, жүйелі түрде шешудеміз

– деді Нариман Ермек.

Өңірде әлеуметтік маңызы бар аурулармен күресте де айтарлықтай нәтижелер бар. Жаңа медициналық құрал-жабдықтар мен ерте диагностиканың арқасында қант диабетінен болатын өлім-жітім 85 пайызға, ал миокард инфарктісінен болатын өлім 40 пайызға төмендеді. Сонымен қатар телемедицина қарқынды дамып, тұрғындарға 130 мыңнан астам қашықтан медициналық қызмет көрсетілді. Денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект негізіндегі жүйелер де енгізілуде.

Кадр тапшылығын шешу мақсатында өңірде ауылдық және қалалық жерлерге жұмысқа келген дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетілуде. Әсіресе, аса қажетті мамандық иелеріне ерекше жағдай жасалған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыстың медицина саласына 250-ден астам қызметкер тартылды.

Жедел жәрдем қызметі де тұрақты жұмыс істеуде. Қазіргі таңда жедел жәрдем автопаркі 100 пайыз қамтамасыз етілген, бұл тұрғындарға уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Есепті кезеңде Ақмола облысында ана өлімі тіркелмегені – өңірдегі денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысының нақты көрсеткіші.