Железная дорога не прощает невнимательности. Здесь всё подчинено точности, порядку и ответственности. Каждый день через вокзалы проходят сотни людей, и за их безопасность отвечают те, кто трудится в системе железнодорожного транспорта и транспортной полиции.
Среди них — братья Гарипуллины, которые связали свою жизнь с одной сферой, но выбрали разные пути служения. Их объединяет не только родство, но и общее понимание долга, ответственности и значимости своей работы.
Гарипуллин Алтынбек Саябекович — старший сержант полиции, полицейский группы патрульной полиции отдела полиции на транспорте на станции Кокшетау. В органах внутренних дел он служит с 2021 года.
По его словам, выбор профессии во многом определил пример старшего брата. С детства он проявлял интерес к службе, но именно жизненный путь и поддержка брата стали тем ориентиром, который помог принять окончательное решение. После службы в армии он без колебаний пришёл в полицию, продолжив семейную линию.
Служба в патрульной полиции — это ежедневная работа с людьми, требующая выдержки, внимательности и высокой ответственности. В его обязанности входит обеспечение общественного порядка, безопасность пассажиров, а также проведение профилактической работы на объектах железнодорожного транспорта. В условиях, где любое нарушение может привести к серьёзным последствиям, особенно важно уметь быстро принимать решения и сохранять самообладание.
В практике Алтынбека Саябековича уже были ситуации, когда от его действий зависела человеческая жизнь. Один из таких случаев — предотвращение попытки суицида на пешеходном мосту. Благодаря оперативности и решительности трагедии удалось избежать. Такие моменты ещё раз подчёркивают значимость службы и уровень ответственности, который несут сотрудники транспортной полиции.
Сам он отмечает, что сотрудник полиции должен быть не только физически подготовленным, но и психологически устойчивым, уметь находить подход к людям и в любой ситуации оставаться спокойным.
Сотрудник полиции — это пример для общества
— считает он.
Особую роль в его профессиональном становлении сыграл старший брат — Гарипуллин Айдос Саябекович, капитан полиции, начальник отделения полиции на станции Акколь. Его путь в органах внутренних дел начался с патрульной службы, и благодаря упорству, дисциплине и преданности делу он достиг руководящей должности.
Этот пример стал для Алтынбека мощной мотивацией. Сегодня, занимая должность старшего сержанта, он стремится к профессиональному росту, понимая, что настойчивость и труд позволяют достигать поставленных целей.
Средний брат семьи Гарипуллиных также трудится в системе железной дороги. Несмотря на то, что он не служит в полиции, его деятельность напрямую связана с обеспечением её стабильной работы. Таким образом, каждый из братьев по-своему вносит вклад в общее дело.
История братьев Гарипуллиных — это пример того, как выбор одного человека может стать ориентиром для другого. Это история о преемственности, поддержке и верности выбранному пути.
Железная дорога — это не просто движение поездов. Это целая система, в которой важен каждый человек. И именно благодаря таким сотрудникам, как братья Гарипуллины, сохраняются порядок, стабильность и безопасность.

Тағдырларын теміржолмен тоғыстырған ағайындылар
Ішкі істер органдарындағы қызмет – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін жол. Ал теміржол көлігі нысандарындағы қызмет – тәулік бойы қырағылықты, тәртіп пен сабырды қажет ететін ерекше сала. Бұл ортада әрбір шешімнің артында адам өмірі мен қауіпсіздігі тұрады.
Осындай жауапты қызметті таңдағандардың бірі – ағайынды Гарипуллиндер. Бұл отбасының үш ұлы да өз тағдырларын теміржолмен байланыстырған. Әрқайсысы әртүрлі бағытта еңбек еткенімен, барлығының мақсаты – қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету.
Гарипуллин Алтынбек Саябекұлы – Көкшетау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының полицейі, полиция аға сержанты. Ол ішкі істер органдарында 2021 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
Оның айтуынша, бұл қызметке келуіне ең басты әсер еткен дүниенің бірі– ағасының жолы. Бала кезден құқық қорғау саласына қызығушылығы болғанымен, дәл осы бағытты таңдауға ағасының кеңесі мен үлгісі себеп болған. Әскер қатарынан кейін еш ойланбастан осы қызметке келуі де – соның айғағы.
Патрульдік полиция қызметі – қоғаммен тікелей байланыстағы, аса жауапты бағыттардың бірі. Қызмет барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теміржол аумағында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу – негізгі міндеттердің қатарында. Әсіресе теміржол – қауіпті аймақ болғандықтан, әрбір қызметкерден жоғары қырағылық пен сабырлылық талап етіледі.
Күнделікті қызмет барысында түрлі жағдайлар орын алады. Алтынбек Саябекұлының тәжірибесінде адам өміріне қауіп төнген сәттердің алдын алған жағдайлар да бар. Соның бірі – теміржол өткеліндегі көпірден секірмек болған азаматшаны дер кезінде тоқтатып қалу. Мұндай сәттерде жылдам шешім қабылдау мен психологиялық дайындық аса маңызды.
Ол үшін полиция қызметкерінің басты қасиеттері – сабырлылық, сенімділік және адамдарға көмектесуге дайын болу.
Полиция қызметкері – қоғам үшін үлгі болуы тиіс
– дейді ол.
Алтынбек Саябекұлы үшін ағасының жолы – үлкен мотивация. Бүгінде полиция капитаны Ақкөл станциясындағы көліктегі полиция бөлімшесін басқарып отырған Гарипуллин Айдос Саябекович те қызмет жолын дәл осы патрульдік полиция бағытынан бастаған. Жылдар бойғы еңбек пен табандылықтың арқасында басшылық деңгейге дейін көтерілген.
Осылайша, ағасының жүріп өткен жолы Алтынбек үшін бағыт-бағдар болып табылады. Қазіргі таңда аға сержант болса да, алдағы уақытта кәсіби тұрғыда өсіп, жоғары нәтижелерге жетуге деген мақсаты айқын.
Гарипуллиндер әулетінің ортаңғы ұлы да теміржол саласында еңбек етеді. Ол құқық қорғау органдарында қызмет атқармаса да, теміржол жүйесінде жұмыс істей отырып, осы саланың тұрақты қызмет етуіне өз үлесін қосып келеді.
Осылайша, үш ағайындының өмір жолы бір арнада тоғысып, теміржолмен тығыз байланысқан. Әрқайсысы өз бағыты бойынша еңбек ете отырып, қоғам қауіпсіздігіне үлес қосуда.
Теміржол – бұл тек қозғалыс емес. Бұл – тәртіп. Бұл – жауапкершілік. Бұл – адамнан темірдей мінезді талап ететін орта. Осындай талаптарға сай бола отырып, Гарипуллиндер әулеті өз қызметтерін адал атқарып келеді.
Полиция лейтенанты Жұмаділлаева Тоғжан Әмірбекқызы
Көкшетау ст. Көліктегі полиция бөлімі
Ақпараттық саясат тобының инспекторы

