Военнослужащие воинской части 5510 Национальной гвардии МВД РК в Кокшетау теперь могут узнать, сколько белков, жиров и углеводов они получили во время завтрака, обеда или ужина, а также оценить каждое блюдо.
Эти данные становятся частью цифровой аналитики, которая позволяет учитывать пищевые предпочтения личного состава и при необходимости корректировать меню. Такой подход реализуется по поручению Заместителя министра внутренних дел — Главнокомандующего Национальной гвардией генерал-лейтенанта Ансагана Балтабекова. Работу системы обеспечивает отечественный программно-аппаратный комплекс «E-Qamqorlyq» с использованием искусственного интеллекта.
На линии раздачи установлен FoodPos — устройство, которое с помощью локального искусственного интеллекта распознаёт блюда на подносе военнослужащего, определяет их количество и показывает калорийность, а также содержание белков, жиров и углеводов.
При этом система предусматривает обратную связь. После приёма пищи военнослужащий может оценить качество питания. Если определённые блюда регулярно получают низкие оценки или значительная их часть остаётся недоеденной, эти данные могут учитываться при формировании последующего меню. Иными словами, мнение военнослужащего становится одним из инструментов совершенствования его рациона.
За первые месяцы пилотного проекта через цифровую панель обратной связи Q-Voice поступило порядка 1,5 тысячи оценок.
Система контролирует и другие процессы, связанные с организацией питания: от закупки и хранения продуктов до соблюдения санитарных требований и допуска сотрудников пищеблока к работе. В частности, Q-Store ведёт складской учёт и контролирует сроки хранения продуктов, Q-HACCP — температуру, влажность и санитарные нормы, а Q-Staff — рабочее время и медицинские допуски персонала.
«E-Qamqorlyq» сейчас проходит апробацию в воинской части 5510. При подтверждении эффективности проекта данный опыт планируется использовать и в других воинских частях Национальной гвардии.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жасанды интеллект арқылы тамақтануын бақылай алады
Көкшетаудағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшілері енді таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас кезінде қанша мөлшерде ақуыз, май және көмірсу тұтынғанын біле алады. Сонымен қатар әр тағамға баға беруге мүмкіндік бар.
Бұл мәліметтер цифрлық талдауға енгізіліп, әскери қызметшілердің тағамға қатысты қалауын ескеруге және қажет болған жағдайда ас мәзірін түзетуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабековтің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Жүйенің жұмысын жасанды интеллект технологиясы қолданылатын отандық «E-Qamqorlyq» бағдарламалық-аппараттық кешені қамтамасыз етеді.
Ас үлестіру желісіне орнатылған FoodPos құрылғысы жергілікті жасанды интеллект көмегімен әскери қызметшінің ыдысындағы тағамдарды танып, олардың көлемін анықтайды. Сондай-ақ тағамның калориясын, ақуыз, май және көмірсу мөлшерін көрсетеді.
Жүйеде кері байланыс тетігі де қарастырылған. Тамақтанғаннан кейін әскери қызметші тағамның сапасын бағалай алады. Егер белгілі бір тағамдар үнемі төмен баға алса немесе олардың едәуір бөлігі желінбей қалса, бұл деректер келесі ас мәзірін әзірлеу кезінде ескеріледі. Осылайша, әскери қызметшінің пікірі оның күнделікті тамақтануын жетілдірудің бір құралына айналады.
Пилоттық жоба іске қосылған алғашқы айларда Q-Voice цифрлық кері байланыс панелі арқылы 1,5 мыңға жуық баға берілген.
Жүйе тамақтануды ұйымдастыруға қатысты басқа да процестерді: азық-түлікті сатып алу мен сақтаудан бастап, санитариялық талаптардың сақталуына және асхана қызметкерлерінің жұмысқа рұқсат нормаларына сәйкестігін қадағалайды. Атап айтқанда, Q-Store қоймадағы азық-түліктің есебін жүргізіп, олардың жарамдылық мерзімін бақылайды. Q-HACCP температура, ылғалдылық және санитариялық талаптардың сақталуын қадағалайды. Ал Q-Staff қызметкерлердің жұмыс уақытын және медициналық рұқсаттарын бақылауға мүмкіндік береді.
«E-Qamqorlyq» жүйесі қазір 5510 әскери бөлімінде сынақтан өткізілуде. Жобаның тиімділігі дәлелденген жағдайда, бұл тәжірибені Ұлттық ұланның өзге де әскери бөлімдерінде қолдану жоспарланып отыр.

