Саяси белсенділіктің жаңа алаңы құрылады – Сарапшы Мәжіліс пен мәслихат сайлауы туралы
Алдағы сайлау Қазақстанның саяси жүйесін біртіндеп қайта форматтауға ықпал етеді. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Татьяна Липина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сарапшы сайлау жүйесі өзгергенін, пропорционалды-мажоритарлық форматта өтетінін еске салды. Енді Мәжіліс депутаттарының үштен бірін қазақстандықтар тікелей сайлай алады.
Мажоритарлық жүйе сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл мәслихаттарға да қатысты. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада депутаттардың жартысы округтер бойынша, жартысы – партиялық тізіммен сайланады. Басқа елді мекендерде мәслихаттар құрамы толығымен округ бойынша сайланады. Яғни, жергілікті халық партияны емес, нақты адамдарды таңдайды
- деп жауап










