29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Избиратели могут проголосовать за новые партии — политолог Андрей Чеботарев

Казахстанский политолог Андрей Чеботарев назвал главные особенности предстоящих выборов депутатов в Мажилис Парламента РК и маслихаты всех уровней, передает корреспондент МИА «Казинформ».

В первую очередь он отметил, что после прошлогодних изменений в Конституцию страны в избирательный процесс вернулись элементы мажоритарной системы. Теперь 29 депутатов Мажилиса Парламента будут избираться от одномандатных округов.

Уже наблюдается активность со стороны гражданских активистов, лидеров общественного мнения, известных людей, которые хотят проявить себя, баллотируясь в Мажилис Парламента. Это серьезно оживит, на мой взгляд, текущую избирательную кампанию

— поделился мнением эксперт.

Второе, на что обратил внимание политолог – это то, что по инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева еще в 2021 году были внесены поправки в закон о выборах, которые предусматривают снижение избирательного порога для политических партий с 7 до 5 %. Это, по его словам, серьезно облегчает политическим партиям прохождение и в Мажилис, и в маслихаты страны.

И третий момент – это то, что у нас появились две новые политические партии. Это партия зеленых «Байтақ» и партия «Respublica». Они могут сыграть, что называется «эффект новичка», то есть я думаю, что избиратели устали от действующих некоторых партий и могут вполне проголосовать за эти две новые партии, или по крайней мере за партию зеленых, так как «Байтақ» известна как инициативная группа, которая действует с 2019 года. Партия «Respublika» появилась буквально недавно

— заключил Андрей Чеботарев.

Внеочередные выборы депутатов Мажилиса в Казахстане состоятся 19 марта. На эту же дату запланированы выборы депутатов маслихатов. Все семь зарегистрированных в стране политических партий были допущены к участию.
______________________________________________

Танымал саясаттанушы Андрей Чеботарев Қазақстандағы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудың басты ерекшеліктерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең алдымен сарапшы өткен жылғы өзгерістерден кейін ел Конституциясына және сайлау процесіне мажоритарлық жүйенің элементтері оралғанын атап өтті. Енді Парламент Мәжілісінің 29 депутаты бір мандатты округтерден сайланады.

Қазірдің өзінде азаматтық белсенділер, қоғамдық пікір көшбасшылары, Парламент Мәжілісіне үміткер ретінде өзін көрсеткісі келетін танымал адамдар тарапынан белсенділік байқалуда. Менің ойымша, бұл қазіргі сайлау науқанын айтарлықтай жандандырады

— деді сарапшы.

Сонымен бірге саясаттанушы Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылы сайлау туралы заңға саяси партиялар үшін сайлау шегін 7-ден 5%-ға дейін төмендету туралы түзетулер енгенін еске салды. Оның айтуынша, бұл саяси партияларға Мәжіліске және ел мәслихаттарына өтуді едәуір жеңілдетеді.

Үшінші өзгеріс – елде екі жаңа саяси партия пайда болды. Бұл «Байтақ» жасылдар партиясы және Respublica партиясы. Олар «жаңа ойыншы әсерін» пайдалана алады, яғни сайлаушылар кейбір партиялардан жалығады және осы екі жаңа партияға немесе ең болмағанда жасылдар партиясына дауыс бере алады. Өйткені «Байтақ» 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бастамашыл топ ретінде танымал, Respublica партиясы жақында ғана пайда болды

— деп пікір білдірді Андрей Чеботарев.

Айта кетейік, биыл 19 наурызда елімізде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді және осы күні мәслихат депутаттарын да сайлау жоспарланған.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысуға 7 партияға рұқсат берілді.