Ақкөл ауданында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы сквер ашылды
Ақкөл ауданының Еңбек ауылында армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі және «Халық қаһарманы» Сағадат Нұрмағамбетов атындағы сквердің салтанатты ашылуы өтті. Бұл маңызды шара көрнекті мемлекет және әскери қайраткердің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Сквердің ашылуына Ақкөл ауданының әкімі Біржан Әбдірахманов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі және Ақкөл ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Еркін Дәуешов, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен қонақтар қатысты. Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірі мен қызметі батылдықтың, патриотизмнің және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символына айналды.
Сквердің ашылу салтанатында аудан әкімі Біржан Әбдірахманов сөз сөйлеп, Сағадат Нұрмағамбетовтің Қазақстан тарихындағы ма