Түркия мен Италиядан келген байқаушылар сайлауға қатысты пікір білдірді
Түркия, Сербия және Италиядан келген байқаушылар Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді. Халықаралық байқаушылар дауыс беру заң талаптарына сәйкес жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сайлау учаскелерінде регламенттің, рәсімдердің орындалуы барысына ерекше мән бердім. Түске дейін бірнеше сайлау учаскесінде болдым. Осы орайда заңнама талаптарын бұзу деректері анықталмағанын айта аламын. Сайлауды ұйымдастыру деңгейі өте жақсы
- деді Халықаралық саясат және экономика институтындағы Еуразиялық зерттеулер орталығының (Сербия) басшысы Душан Пророкович елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.
Сонымен қатар «Еуразия» геосаяси зерттеулер журналының (Италия) үйлестірушісі Стефано Верноле Астанадағы үш сайлау учаскесіне барған