29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Вторник, 27 февраля

Көкшетауда сайлауға Мәжіліспен және мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс беру басталды

Бүгін қаладағы учаскелер ашылмай жатып, өз таңдауын жасауға келген Көкше жұртының қарасы қалың, деп хабарлайды Aqmolnews ақпарат агенттігі.

19 наурыздағы Мәжіліспен және мәслихаттар сайлауы – Қазақстанның саяси жаңғыруының жаңа кезеңі. Оны Көкшетау қаласындағы №8 сайлау учаскесіне қатысқан сайлаушылардың белсенділігінен байқауға болады. Дауыс берушілерді тіркеп отырған учаске мүшелерінің айтуынша, осы аймақтың өзінен таңғы 8-ге дейін 20-дан астам тұрғын дауыс берген екен.

Жалпы, №8 участкеде, бір сағатта 24 адам дауыс берді. Негізі 1523 тұрғын осы сайлау участкесінде дауыс беруге тиісті. 3 адам үйде дауыс береді. Дауыс беру процесі бақылаушылардың қатан қадағалауында

– деп бөлісті Көкшетау қаласының №8 сайлау участкесінің төрайымы Сандуғаш Нұрқанова.

Бұл сайлау учаскесіне дауыс берушілердің белсенділігі қуантады. Алаңда жұмыс жақсы ұйымдастырылған. Дауыс берушілердің қарасы қалың. Адамдар емін-еркін өз таңдауын жасап жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлық жағдай жасалған. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай, өз даусын беруге келген қала тұрғындарының көңіл-күйі де көтеріңкі.

Бүгін ерекше күн. Осындай ірі науқанға айналған маңызды сайлау менің өмірімде алғаш рет өтіп жатыр. Бұл қазақтстандықтар үшін үлкен саяси әрі тарихи оқиға. Бұл сайлау біздің болшағымызды айқындауға, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосады деп сенеміз. Сондықтан кез келген азамат, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауға міндетті

– дейді қала тұрғыны Қыдырғали Шалахаев.

Саяси науқанда отандастарымыз немқұрайлылық танытпағаны абзал. Себебі ел болашағы кез келген азамат үшін маңызды!