Облыс бойынша 728 сайлау участкесі жұмыс істеп тұр
Ақмола облысында 728 сайлау учаскесі құрылды. Өңір бойынша сайлаушылар саны 517 714 адам, оның ішінде алғаш рет дауыс бергендер саны 2512 адам, деп хабарлайды Aqmolnews ақпарат агенттігі.
Барлық учаскелер қажетті құралдармен толықтай жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Сайлауды бақылау үшін Ақмола сайлау комиссиясы 6 қоғамдық бірлестікті аккредиттеді, сонымен қатар сайлауды шетелдік бақылаушылар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер бақылайды
- деп мәлімдеді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.
Көкшетау қаласындағы №1 орта мектеп гимназиясында орналасқан №8 сайлау учаскесінде де барлық жағдай жасалған. Сайлаушылар қарасы қалың. Жасы да, еңкейген қария да өз азаматтық борышын орындауға келді. Отбасымен келіп дауыс беріп жатқанда