29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 28 апреля

Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беріліуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 19 қаңтар №1084 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылған күні. Осы сәттен бастап Қарулы Күштердің қалыптасуы және дамуымен байланысты тәрбие жұмыстары органдарының тарихы бастау алды. Бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығында жүз отызға жуық тәрбие құрылымдарының офицерлері мен келісім шарт бойынша әскери қызметшілері — жеке құраммен жұмыс жасаудағы барлық деңгейдегі мамандар, әскери бөлімдердегі идеологиялық және психологиялық жұмысты қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларын бұлжытпай, сапалы да саналы орындау жолында міндеттерін атқарып келеді.Тәрбие жұмысының әскери саладағы функциясы — жеке құрамды оқыту, патриоттық нақышта тәрбиелеу, Отан қорғау саласының маңыздылығын түрлі әдіс арқылы жеткізуге бағытталған.Қазіргі таңда ақпараттық материалдар негізінде жеке құрамда дүниетанымдық құндылық жүйесін және әскери-патриоттық сананы қалыптастыратын ақпараттық оқыту, тәрбиелеу нысандарымен және әдістерімен шебер үйлескен, ол әскери қызметшілердің психикасына және мінез-құлқына жүйелі педагогикалық тұрғыдан ықпал етеді.

Қазіргі таңда Ұлттық ұлан «Орталық» Орталық өңірлік қолбасшылығының тәрбие жұмысының үрдісі аға буын бастаған қағидаға сай ұстанып келеді. Ата көрген оқ жонар демекші тарихи тұлғаларға бағынып өз ісіне тиянақты қарап, ақыл кеңес берер сарбаздан майорға дейін қызметін өткерген ардақты ардагерлердің бірі запастағы майор Рахимжанов Ерлан Төлегенұлымен сұхбаттастық.

— Құрметті Ерлан Төлегенұлы қош келдіңіз. Сұхбатымызды жалпы өзіңіздің өмірбаяныңыздан бастасақ?

— Қош көрдік, мен 1968 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы селосында шаруа отбасында дүниеге келдім. Отбасыда ата-анамыз ағам, ортаншысы өзім інім мен қарындасым. ӘкемРақымжанов Төлеген ауылда 35 жыл жүргізуші болған, анам Орал Мұқашева 32 жыл аудан орталығында почтада жұмыс істеген, еңбек ардагері, ел адамдары, әрдайым өзгеге көмек беруге дайын боп, барша ауылмен тату-тәтті өмір кешкен азаматтар еді.Қазіргі уақытта өздерінен қалғантоғыз немере, он екі шөбересіөсіп келеді.

— Майор мырза әскери қызметке мерзімді борышын өтеу үшін келеді, кейбір батылы келісім шарт бойынша әскери қызметші атанып уақытын қызметке арнайды, ал офицер барша өмірін еліне қызмет етуге арнайды. Дара жолға түсер алдынғы кезеңге тоқталып өтсек?

— Мен 1984 жылы Ақсу-Аюлы селосында Ыбрай Алтынсарин атындағы негізгі мектебіндесегіз сыныптыаяқтап, ауылдағы құрылыс училищесіне оқуға түстім.Екі жылдық армансыз оқу қас-қағым сәттей өтті де кетті, алып ұшқан орта-арнайы білім мекемесін қызыл дипломға аяқтадым. Сөйтіп 1986 жылы Алматы қаласындағы Қ.Сатпаев атындағы политехникалық институттың тау-кең факультетіне түсіп 1 курстан кейін әскер қатарына 2 жылдық мерзімдік қызметке шақырылдым. Ол кезде әскерде қаламын деген ойым да болмапты 1989 жылы уақыты келе Алматыға қайта оралыпинституттағы оқуыма кірісіп, 1993 жылы аталған жоғарғы оқу орнынан«инженер-маркшейдер»маманы атандым. Сол жылы Сатпаев қаласына шахтада бір жыл жұмыс істеп Қарағанды қаласына жанұяммен көшіп келдім.

— Әскерге шақырылуға, елге қызмет етуге Сіз үшін кім қолдаушы боп, бағыт-бағдар ұсынған кім болды?

— Әскер қызметімді 1999 жылы Ұлттық ұланға ол кездегі (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілгінің Ішкі әскеріне) келісім шарт бойынша әскери қызметшісі боп қарауыл бастығы лауазымына Қарағандылық 6505 құрамасыныңы 1 батальонында бастадым. Бастаушым болған бөлімнің 1 атқыштар рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант Сейтаков Айтбай мырза болды. Өмір кезеңі солай болды ма білмеймін, әскери қызметші атану жалпы әскерге барып Отан алдындағы борышын өтеу әр ер азаматқа қасиетті борыш болатын, кей кезде денсаулығы арқылы сұранып кетіп, мерзімінен қалғандар аз еді барлығымыз да жұдырықтай жұмылып сарбаз атанып, болашақта сержант сардар атану арманымыз еді, осылайша қоғамдық жұмыстан әскерилер қатарына қосылып өмірімді погон киюге арнадым.

Әскери өтілімде 9 ай бойы қарауыл бастығы, бес ай атқыштар взводының командирі, екі ай рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, кейін тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімше бастығының көмекшісі,бөлім штабының аудармашысы, алты ай көлемінде құпия бөлімшесінің бастығы, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі бөлімше бастығының аға көмекшісі, кейіннен 5451 әскери бөлімінің тәрбие бөлімінің бастығы, ол кездегі 6800 әскери бөлімі (қазіргі Орталық өңірлік қолбасшылығының) тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі басқармасының жастарменжұмыс жасау жөніндегі көмекшісі, басқарма бастығының аға көмекшісі лауазымында қызмет атқарып 2015 жылы жас аралығының шегіне жетіп бөлім командирінің бұйрығына сәйкесаяқтауыма тура келді. Қызмет барысы әрине өзіндік тапсырмалар мен қойылған бұйрықтарды бұлжытпай орындау басты қағиданың бірі еді біз үшін, өңірдегі әскери бөлімдердегі жеке құрамның тәрбие үрдісінің қалыпты жағдайын, қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындауда моральді-психологиялық жағдайының сақталуына барынша еңбек сіңірдік деп ойлаймын. Есіме әскерден әлі күнге шейін күліп еске алатын оқиғалардың бірі «лейтенант» шенін аламын деп Қарағанды қаласының полиция департаментінің бастығына жеті жылдан кейін алғашқы офицер шенін аламын деп уайымдағаным соншалық «генерал-майор» деудің орнына «полковник мырза прапорщик Рахимжанов алғашқы офицер шенін алуға келіп» деп шатастырып алған жайым бар.

Қазіргі уақытта өзіміздің «Орталық» өңірлік қолбасшылығының құрметті ардагерлері қатарындамын.

— Ерлан Төлегенұлы бүгінгі тәрбие үрдісі мен сіздің кездегі тәрбие жұмысына салыстырма қылып, ардагер ретінде айтар кеңесіңіз бар ма?

— Тәрбие жұмысы – үнемі өткізіліп тұратын үрдістердің бірі. Әскери саладағы әрбір командир бағыныштылары үшін тәрбиеші, ақылшы болып келеді, бұл жерде бөліп салып тек тәрбие жөніндегі орынбасарлар ғана тәрбиелейді деген ұғым дұрыс емес, бұл жерде жоғарыда атағандай әрбірінің үлесі күнделікті тәртіптің сақталуына қосар үлесі орасан зор. Мәселен, әр қызмет өзінше ерекшелікке толы, кейбірі қала көшелерінде қызмет етіп жүрсе, бірі айдауылдау қарауылында, түзеу мекемесіндегі қарауыл бастығы мен сақшылар құрамы, ішкі жасақ барлығында аға буын басқарып жүреді, солардың бос уақыттағы әскери қызметшілермен өткізілетін жеке сұхбаты әскери-патриоттық тұрғыдан көмегін тигізе алады. Мен әскерге келген жылы Қазақстан тәуелсіздігін алып енді ғана алып жаңа құрылып жатқан кезең болды.

Қарап тұрсаңыз біз қызмет еткен 1990 жылдары офицерлер мүлдемтапшы еді, мен прапорщик болып жүріп офицер лауазымында жүрдім, оқу пунктінде жарық жоқ, сарбаздарға тамақ далада дайындалатын, қазіргі сарбаздар мәзіріндегіқант, май ол кезде мүлдем болмаған, әскер қатарына келген сарбаздар әскери киім үлгісі тапшы, ақпараттандыру сыныптары қазіргі уақыттағыдай жабдықталмаған, бөлемелерге телевизор алсақ қуанатынбыз. Жауынгерлік дайындықтың басты пәндерінің бірі мемлекеттік құқықтық дайындық сабағын сарбаздармен өткізу үшін қалалық кітапханаға барып дайындалып, газет журналдардан материалдарды іздеп тауып, сабақты солай өткізгеміз. Қазіргі уақытта әскерилердің барлық сатысына жағдай жасалған, екі кезеңді салыстыруға болмайды, ол кездегі жастар мен қазіргі кездегі жастардың айырмашылығы жермен көктей.

— Қарап тұрсақ тәрбие саласында, жалпы әскер қатарында елеулі жиырма екі жыл қызмет етіп келдіңіз. Әрбір сардардың орасан зор еңбегі арқа сүйер қолдаушыларының еншісінде, осы орайда өзіңіздің отбасыңыз жайлы да айтып өтсеңіз?

— Жан жарым Меруерт Назаровамен отыз екі жыл болып қапты шаңырақ құрғанымызға, жұбайымҚарағанды мемлекеттік университетінде мұғалім болып жұмыс жасауда, магистр, екі қыз Арайлым мен Айгеріммен және кенжеміз Алдияр. Қыздарымыз тұрмыста, кенжем Қарағанды мемлекеттік университетінің 2 курс студенті, үш немере сүйіп отырмыз.

Демалысымда да патриоттық нақышта тәрбиелеу таңбадай жазылған болар, қазірде Қарағанды қаласының Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебінде мектеп директорының орынбасары лауазымындамын, оған қоса мектептегі алғашқы әскери дайындық сабақтарының жетекшісі, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбында болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеп жатырмын.Әл-Фараби атамыз айтқандай: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беріліуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі», осы нақышта мектепте запастағы офицер, сержанттар құрамынан құралған топ мектеп оқушыларымен алғашқы дайындық сабақтарында жетекшілік етеді. Бізбен Қарағанды гарнизонының Ұлттық ұлан әскерилерімен Жас бүркіт әскери – патриоттық сыныбы ашылып, апта сайын сабақтары да өткізіліп тұрады, әрине сырт көзден жеңіл сияқты көрінеді, бірақ сабақ барысында әскерге келген сарбаздар емес қарапайым оқушы ұл, қыздар, әрбірінің өз мінез-құлқы, талғамы бар, интернет әлемінен жиналған білімі да бар, осының арасынан көңілін тауып, партадан бастап әскерге, Бауыржан атамыздың ерлігіне баулып, жалпы қоғамда азамат болып қалыптасуына да әсері бар екенін ұмытпағанымыз жөн.

— Өскелең ұрпақ әскерге келер алдын шыны керек жалтақтайды, соларға аға, әскери патриоттық жұмысты мектеп қабырғаларында терең еңгізуші ретінде жеткізетін ойыңыз болса?

— Әскер ел қорғаны, ел қорғау жолындағы ата-бабамыздың сақтап қалған жерін қорғау әрбір Қазақстандығымыздың міндеті деп білемін, дәл осы ұғымда мектеп партасынан, отбасыдан бастап тәрбиеге назар аударылса деймін, гаджеттермен емес даңқты адамдардың кітабын, тарихымызды зерттеп батылдық, елсүйгіштігіміздің, халқымызға, тілге деген жанашырлықтың арқасында келген Тәуелсіздігімізді баянды ету тек өзіміздің, келешек ұрпағымыздыңқолында, жастар өз елінің патриоты болу керек.

— Ерлан Төлегенұлы уақытыңызды бөліп бізбен әңгімелескеніңіз үшін алғыс білдіреміз! Амандықта жүздескенше!

— Иә көп рахмет, сау-саламатта болыңыздар!