29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Эльвира Сапабекова

Кітапхана бастығы кіші сержант

«Әскери бөлімге 53 жыл»

Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінің құрылғанына 53 жыл. Осы оқиғаға орай, Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде Ұлттық ұлан сарбаздарына  құрмет көрсетілді.

Жарты ғасырдан астам уақыт бедерінде аталған бөлім әскери-жауынгерлік қызметті қырағылықпен тындырып келеді. Осы мерзім аралығында тарихы жаңа есімдермен айшықталып, марапат-жетістіктермен толықты. Салтанатты мерекені тамашалуға ардагерлер, сарбаздар, әскери қызметшілердің отбасы мүшелері, Қазақа Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы академияның курсанттары, «Жас бүркіт» патриоттық сыныптарының оқушылары шақырылды.

Шараның түндігін құттықтау сөзімен бөлім командирі полковник Т. Әбдіров бастап берсе,  «Алтын дән» мәдениет үйінің қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, мерекенің шырайын әнмен келтіріп, әсем ұлттық костюмдерімен сахнаның көркін келтірді. Сахнаға бірінен соң бірі құттықтауға көтерілген құрметті қонақтар құттықтау хатын табыстап, жылы лебіздерін білдіріп, запастағы ардагерлер алғысын айтып полкпен арадағы қимас сезімдерін еске алумен жалғасты.

Ұлттық ұлан жаунгерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеп жүріп, олардың әрқашан сапалы қызмет атқарып келе жатқанын көріп отырмыз. Сарабдал басшылық пен мықты ұйымдастыру қабілетінің арқасында тәртіпті бұзбай, бөлімнің жауынгерлік дайындығын жоғары деңгейге жеткізіп жүрген бірден-бір абыройлы ұжым осы дер едім

– дейді қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің бастығының орынбасары, әділет полковнигі В.А. Сухин.

Өз кезегінде әскери бөлімнің жеке құрамымен мәдени демалыс күндерін ұйымдастырып, қазақ тілін әскерилер арасында көтеруге белсене күш салып жүрген Қостанай облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығы, облыстық Л. Толстой атындағы кітапхананың директоры және І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры әртістерінің құттықтай келген әзіл қойылымы көрерменді бір желпіндіріп тастады. Сахна төрінде орын алған бетпе — бет сұхбатта, әскери бөлімнің ардагері запастағы подполковник Б. Паскевич:

бөлім Кеңес үкіметі кезеңінен бүгінгі күнге дейін биік белестерді бағындырып келеді. Запастағы ардагерлер мен әскери бөлімнің жеке құрамы бірігіп, жұмыс жасай отыра, әлі де талай мерзімді қызмет сарбаздарын Отан алдындағы борыштарын абыроймен өтеп берулеріне күш саламыз

-деп жеткізді.

Жарты ғасырдан аса уақыт бойы әскери бөлімнің қалыптасу тарихында мыңдаған жастар біздің әскерде мерзімді қызмет өткеріп, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер прапорщиктер, офицерлер — басшылық құрамында қызметтерін жалғастыруда.  Бөлімнің тарихына үңілсек, сонау 1971 жылдың 30 наурызынан бастап осы күн бөлімнің туған күні саналып, оның бастауында тұрған алғаш командир мен полктің жауынгерлік  туын алғаш қабылдаған офицерлер құрамы бүгінгі таңға дейін аса жоғары құрметке ие.

Мереке қарсаңында бірқатар әскери қызметшілер түрлі деңгейдегі облыс әкімі, «Орталық» өңірлік қолбасшылығы, ҚАЖМ басшысы атынан , бөлім командирі құқығымен марапат, алғыстарға ие болды.

Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!