29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 15 июля

Пресс-служба театра «Астана Опера»

«Астана Опера» готовится к премьере

«Астана Опера» готовится к премьере: 11 и 12 апреля на сцене театра пройдет комическая опера Гаэтано Доницетти «Колокольчик, или Брачная ночь аптекаря». Это произведение, наполненное безудержным весельем, куражом и великолепной музыкой, обещает покорить сердца столичной публики.

«Колокольчик» — история о любви и интригах, разыгрывающаяся в аптеке небольшого городка. В центре сюжета — молодая девушка, которая вышла замуж за старого аптекаря и готовится провести с ним первую брачную ночь. Идиллия супругов нарушается появлением Энрико, молодого возлюбленного Серафины, который непрерывно звонит в колокольчик, и каждый его приход становится настоящим моноспектаклем, вызывающим восторг и смех зрителей. Что же ждет зрительскую аудиторию в финале, пока остается загадкой.

В «Астана Опера» проект создан постановочной группой, включающей в себя талантливых художников и музыкальных деятелей, таких как дирижер-постановщик Руслан Баймурзин, режиссер-постановщик Николай Куликов, сценограф Малика Тулегенова и художник по костюмам Дарига Тайшикова. С солистами Международной оперной академии Astana Opera, чьими силами подготовлена премьера, работали педагоги-репетиторы Жупар Габдуллина, Азамат Желтыргузов и Талгат Мусабаев.

Перед нами стоит задача оригинально рассказать знакомую всем историю. Так, эпоха и атмосфера произведения будут сохранены за счет костюмов, декораций, но так как это опера-фарс, в нее будут добавлены некоторые элементы современности. В работе над этим спектаклем мы постарались приблизиться к старинному формату уличного театра, возродить этот жанр со всеми его традициями и особенностями, но сделаем мы это в современной трактовке. Поясню, что уличный театр – это умение артистов проявить себя во всех ипостасях, вплоть до хождения на руках. Поэтому особенно важным аспектом этой оперы я назвал бы актерское мастерство, оно превалирующее: все здесь игровое, действенное, требующее большого вложения как артистически, так и вокально, поэтому материал достаточно сложный. Несмотря на продолжительность, несмотря на витиеватый сюжет, мы приближаемся к хорошим результатам

— рассказал режиссер-постановщик Николай Куликов.

В главных партиях выступят Валерий Селиванов, Фируза Рахметова, Лейла Аламанова в роли аптекаря и его жены, а также другие талантливые артисты, в числе которых Юрица Юрасич Капун, Султан Бахытжан, Бекулан Ерболатулы, Анастасия Ремескова, Нурсултан Ануарбек и Мерей Кадырханов.

Премьера оперы «Колокольчик, или Брачная ночь аптекаря» пройдет при поддержке Министерства культуры и информации РК, она обещает стать ярким событием в культурной жизни столицы, принеся зрителям удовольствие от великолепной музыки и захватывающего сюжета. Билеты уже в продаже – не пропустите возможность получить настоящие музыкальные и театральные впечатления!

Наш блог в Twitter! Будь в курсе новостей!

«Астана Опера» премьераға дайындалуда: 1112 сәуірде театр сахнасында Гаэтано Доницеттидің «Қоңырау, немесе Дәріханашының неке түні» комедиялық операсы өтеді. Шадыман шаттыққа, батылдық пен тамаша музыкаға толы осынау туынды елордалық көрермендердің жүрегін жаулайды деп күтілуде.

«Қоңырау» — шағын қалашықтың дәріханасында өрбитін махаббат пен шиеленіскен қарым-қатынас жайлы хикая. Оқиға желісі бойынша барлық назар қарт дәріханашыға тұрмысқа шыққан және онымен алғашқы неке түнін өткізуге дайындалып жатқан бойжеткенде болады. Есіктің қоңырауын үздіксіз баса беретін Серафинаның жас ғашығы Энриконың пайда болуымен ерлі-зайыптылардың рақат өмірінің шырқы бұзылады. Энриконың әрбір келуі нағыз моноспектакльге айналып, көрермендердің таңданысын тудырып, күлкіге қарық қылады. Соңында көрермендерді не күтетіні әлі құпия болуда.

«Астана Операдағы» жобаны қоюшы дирижер Руслан Баймурзин, қоюшы режиссер Николай Куликов, сценограф Малика Төлегенова және костюмдер бойынша суретші Дариға Тайшықова сынды дарынды суретшілер мен музыка қайраткерлерінен құралған қойылымдық топ жүзеге асырды. Премьера Astana Opera Халықаралық опера академиясы солистерінің күшімен дайындалды, олармен тәлімгер ұстаздар Жұпар Ғабдуллина, Азамат Жылтыркөзов пен Талғат Мұсабаев жұмыс істеді.

Біздің алдымызда барлығына таныс хикаяны ерекше етіп жеткізу міндеті тұр. Костюмдер мен декорациялардың көмегімен туындының дәуірі мен атмосферасы сақталады, алайда бұл опера-фарс болғандықтан, оған кейбір заманауи элементтер енгізіледі. Спектакльмен жұмыс істеу кезінде біз көне көше театры форматына жақындауға, бұл жанрды барлық дәстүрлерімен және ерекшеліктерімен жаңғыртуға тырыстық, бірақ біз мұны заманауи түсіндірмеде жасайтын боламыз. Түсіндіре кетейін, көше театры дегеніміз – бұл әртістердің өздерін барлық қырларынан, тіпті қолмен жүре алатын қабілеттеріне дейін көрсете білуі. Сондықтан бұл операның айрықша маңызды аспектісі актерлік шеберлік деп айтар едім, бәрінен басым түсетіні осы. Мұнда барлығы ойнақы әрі белсенді өрбиді, бұл әртістік жағынан да, вокалдық жағынан да зор күш салуды талап етеді, сол себепті туынды айтарлықтай күрделі. Ұзақтығына, шиеленіскен оқиға желісіне қарамастан, біз жақсы нәтижелерге қарай жақындап келеміз

— деді қоюшы режиссер Николай Куликов.

Басты партиялар – дәріханашы мен оның әйелінің рөлдерінде Валерий Селиванов, Фируза Рахметова, Лейла Аламанова өнер көрсетеді. Сондай-ақ спектакльге Юрица Юрасич Капун, Сұлтан Бақытжан, Бекұлан Ерболатұлы, Анастасия Ремескова, Нұрсұлтан Әнуарбек пен Мерей Қадырханов сынды басқа да дарынды әртістер қатысады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтетін «Қоңырау, немесе Дәріханашының неке түні» операсының премьерасы елорданың мәдени өміріндегі жарқын оқиғаға айналады деп күтілуде. Спектакль көрермендерге өзінің тамаша музыкасымен және баурап аларлық сюжетімен қуаныш сыйлайды. Билеттер әлдеқашан сатылымда, сондықтан нағыз музыкалық және театрлық әсер алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!