Сәлем хат!
Құрметті әкешім және аяулы анашым қалдарыңыз қалай? Сіздерді қатты сағындым. Әскерге келген соң сіздердің қадірлеріңізді түсіндім. Алыста жүрсемде ойымда тек сіздер. Әкешім сіздің тәрбиеңіз бен ақылыңыздың көмегі көп тиіп жатыр. Анашым сізге әрине қиын, 1 жыл балаңызды уайымдап күту оңай емес. Бірақ әскерге барып қызмет ету менің Отан алдындағы борышым. Қанша бұзықтық жасасамда менен теріс айналмай әрқашан қолдау көрсеттіңіздер. Осы үшін сіздерге үлкен алғысым шексіз.
Өзіме келетін болсақ менде бәрі жақсы. Әскери қызметтің қыр-сырын меңгеріп қатал тәртіпке де үйреніп қалдым. Отан алдындағы борышымды адал атқарып, сіздермен аман-есен қауышамыз деген сенімдемін. Әскери өмірде қызықты сәттер болатынына күмәнім жоқ. Ауылдағы достарыма сәлем жолдай салыңыздар. Отан алдындағы борышын өтеуден ешкім қашпасын, себебі әскер өмір мектебі, көп нәрсеге үйретеді екен. Әскерге келгенде жан-жақтан достарым пайда болады. Мен бос уақытымда сіздерге арнап өлең шумақтарын шығарып, қалам тербеп қоямын. Келесі хаттарымда міндетті түрде шығарған өлеңдерімді жазып жіберемін.
Әскери өмірдің қызықты тұстары өте көп саптық алаңда сап түзеп саптық тәсілдерді үйрену, атыс алаңына барып автоматпен ату ол бөлек сезім, ең алғашқы үш оғым есімнен кетпесі анық. Офицерлер мен сержанттар бізге әрқашан үйретіп, түсіндіріп көмектерін аямайды. Олар нағыз өз істерінің мамандары екен. Соның ішінде взвод командирі аға лейтенант Мырзабек Нұрболат және сержант Омаров Ержан көптеген заттарға үйретті. Ұлттық ұланда соның ішінде 5516 әскери бөлімінде қызмет еткенімді әрқашан мақтан тұтатын боламын!
Теміртау қаласы
5516 әскери бөлімі
оқу пунктінің сарбазы
қатардағы жауынгер Шыңғысхан Раев