Ақмола облысында түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүрген 200-ден астам жасөспірім анықталды
Ақмола облысында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында үш күн ішінде кәмелетке толмағандар арасында 235 құқық бұзушылық анықталды. Оның басым бөлігі жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз үйден тыс жерде жүруіне қатысты болды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мұндай 222 дерек тіркелген. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдік тұтынуының 10 фактісі, ұсақ бұзақылықтың 2 дерегі және қоғамдық орында тиісу сипатындағы 1 құқық бұзушылық анықталған.
Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 16 ата-ана мен заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, алкоголь өнімдерін кәмелетке толмағандарға сатқан 4 кәсіпкер жауапқа т









