29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Пятница, 11 октября

Үміт. Оптимизм. Мақтаныш. Грузиялық сарапшы сайлау кезінде нені байқағанын айтты

Бұл туралы Халықаралық Кавказ университетінің профессоры, грузиялық саясаттанушы Вахтанг Маисая Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін таңертең біз Қазақстанға келе сала бірнеше учаскеге бардық. Ең алдымен ұйымдастырудың жоғары деңгейі мен ашықтықты атап айтқым келеді. Сонымен қатар көптеген сайлаушыларда мақтаныш, үміт, оптимизм сезімдері басым сияқты. Сайлауда дауыс беру кезінде суретке түсіп жатты. Осы уақытқа дейін аралаған учаскелерімізде құқық бұзушылықтар анықталған жоқ

— деп атап өтті қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшы.

Айтуынша, ол жиырмаға жуық сайлау учаскесіне барып, мониторинг жасаған.

Мен қоғамдық қорғаушысы бар ұйымның атынан келіп отырмын және олар осы сайлау мониторингімен айналысады. Өз басым таңертеңгі сағат 8-ден бері мониторинг жасап отырмын. Осы уақыт аралығында 18 сайлау учаскесіне бардым. Сайлау процесі ашық түрде, ол Қазақстанның заңнамасы мен халықаралық рәсімдерге сәйкес жүргізіліп жатқанына куә болдым

— деді Вахтанг Маисая.

Сондай-ақ ол қай сағатта сайлауға дауыс берушілердің саны көп болғанына тоқталды.

Жүргізілген мониторингке сәйкес, сағат түскі 12-де сайлаушылардың келуі өте жоғары деңгейді көрсетті. Яғни сол сайлау учаскелеріндегі дауыс беруі тиіс адамдар тізімінің 15 пайызына дейін жетті. Тағы бір айтарым, басқа елдер, әсіресе посткеңестік мемлекеттер үшін өте қызықты әрі пайдалы болған жайт: физикалық тұрғыдан мүмкіндіктері шектеулі жандарға арнайы кабиналардың ұйымдастырылуы

— деді саясаттанушы.