29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Казахстан достиг прогресса в Индексе Глобального гендерного разрыва

Министр информации и общественного развития Дархан Қыдырәлі вручил Благодарственные письма от имени Главы государства женщинам, внёсшим значительный вклад в развитие медиа-сферы и гражданского общества, и отметил Благодарственными письмами Министерства ряд представительниц СМИ и общественных институтов.

Президент страны Токаев К.К. одним из приоритетов государства ставит расширение экономических и политических возможностей женщин в обществе. Сегодня женщины продуктивно работают в сфере СМИ: руководят телеканалами, газетами, журналами и информационными агентствами. Немалое количество наших красивых дам активно участвуют в общественно-политической жизни страны. Это, в свою очередь, наглядно доказывает возросшую роль и влияние женщин нашей страны в социально-экономической жизни государства

— отметил Дархан Қыдырәлі.

Министр также отметил, что по данным структуры «ООН-Женщины» в Казахстане, Казахстан является лидером в области гендерного равенства среди стран Центральной Азии.

Поднявшись на 15 позиций среди 146 стран, Казахстан занял 65-е место в индексе «Глобальный гендерный разрыв» 2022 года. В стране наблюдается снижение гендерного разрыва в образовании, улучшение экономических возможностей и равенства заработной платы, увеличение доли женщин на руководящих должностях

— сказал министр.
______________________________________________________

Қазақстан гендерлік теңдік бойынша «Жahандық гендерлік алшақтық» индексінде жоғары сатыға көтерілді. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ақпарат және азаматтық қоғам саласында қызмет етіп жүрген бірқатар әйелге Мемлекет басшысының құттықтау хатын тапсырды.

Оған қоса министрліктің алғыс хаттарымен де марапаттады.

Мемлекет басшысы әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі дегені белгілі. Қазірде телеарналар мен газет-журналдарды, ақпараттық агенттіктерді басқарып отырған, жалпы БАҚ саласында өнімді қызмет етіп жүрген нәзік жанды әріптестеріміздің саны көптеп саналады. Сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысып жүрген аруларымыз аз емес. Бұл өз кезегінде еліміздегі әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі арта түскенінің айқын дәлелі

— деді Дархан Қыдырәлі.

Сондай-ақ министр «Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының ақпаратына сүйенсек, Орталық Азия елдері арасында Қазақстан гендерлік теңдік саласы бойынша көшбасшы саналады.

Қазақстан 2022 жылғы «Жаһандық гендерлік алшақтық» индексінде 146 ел арасында 15 сатыға жоғарылап, 65-ші орынға көтерілген. Елде білім берудегі гендерлік алшақтық азайып, экономикалық мүмкіндіктер мен жалақы теңдігінің жақсарғаны, басшы лауазымындағы әйелдер үлесінің артқаны байқалады

— деді министр.

Сонымен бірге Д.Қыдырәлі министрлікте қызмет атқаратын қыз-келіншектерді құттықтау іс-шарасына қатысып, өз лебізін жеткізді.