01 апреля состоялась встреча руководителя республиканской федерации конного спорта «JORYQ» Бакытжана Турлыбекова с Послом Республики Азербайджан с Агаларом Атамоглановым, сообщает пресс-служба федерации конного спорта «JORYQ»
На встрече был подробно обсужден уникальный проект «Ұлы дала жорығы», который не имеет аналогов в мире. Также были затронуты организационные вопросы марафона-байге, который в этом году получает международное признание благодаря усилиям Ассоциации национальных видов спорта Казахстана. В свою очередь Министерство иностранных дел РК оказывает особую поддержку в установлении диалога и контактов с зарубежными дипмиссиями и организациями.
Б.Турлыбеков предложил дипломату установить контакты с Федерацией конного спорта Азербайджана для тесного взаимодействия в рамках подготовки к предстоящему марафону-байге.
В ответ на это Посол Азербайджана заявил о своей готовности поддержать проекты Федерации конного спорта, включая участие в марафоне-байге «Ұлы дала жорығы» азербайджанской команды всадников, а также одной из выносливой и сильной породы лошадей в мире — карабахских скакунов, которая считается национальным символом Азербайджана.
В связи с грядущими 5-ми Всемирными играми кочевников выбран новый маршрут «Ұлы дала жорығы» от Ботая (СКО) до Бозока (Астана), который несет в себе глубокий символический смысл. Протяженность марафона-байге в этом году, в котором ожидается участие не менее 15 зарубежных команд, составляет 500 километров.
Выбор отправной точки в местности Ботай обоснован научными фактами, которые свидетельствуют о том, что именно здесь человек впервые одомашнил лошадь. Городище Бозок под Астаной, которое является финишной точкой, в VIII-X веках было культовым святилищем древних тюрков.
Горячая линия WhatsApp — делись новостями с редакцией! +7 775 244 99 15
01 сәуірде «JORYQ» республикалық ат спорты федерациясының жетекшісі Бақытжан Тұрлыбеков Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ағалар Атамоғлановпен кездесті, деп хабарлайды «JORYQ» республикалық ат спорты федерациясының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында әлемде теңдесі жоқ «Ұлы дала жорығы» бірегей жобасы жан-жақты талқыланды. Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен 2024 жылы халықаралық деңгейде өткізілгелі отырған марафон-бәйгенің ұйымдастыру мәселелері де кеңінен сөз болды. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өз кезегінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен және ұйымдармен байланыс орнатуға ерекше қолдау көрсетуде.
Б.Тұрлыбеков дипломатты алдағы марафон-бәйгеге дайындық барысында тығыз ынтымақтастық үшін Әзербайжан Республикасының ат спорты федерациясымен байланыс орнатуға ықпал етуге шақырды.
Бұған жауап ретінде Әзербайжан Елшісі Ат спорты федерациясының жобаларын, соның ішінде Әзербайжан шабандоздарының, сондай-ақ әлемдегі ең мықты жылқы тұқымдары, Әзербайжанның ұлттық символына айналған Қарабақ арғымақтарының «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне қатысуына ықпал жасайтынын жеткізді.
Биыл «Ұлы дала жорығы» халықаралық дүбірлі додасының Ботай (СҚО) — Бозоқ (Астана) жаңа бағыты таңдалып алынды. Кем дегенде 15 шетелдік команда қатысады деп күтіліп отырған биылғы марафон-бәйгенің қашықтығы 500 шақырымды құрайды.
Марафон-бәйгенің Ботайдан басталуының мәні терең — адам баласы жылқы малын дәл осы жерде алғаш рет қолға үйреткен, ол ғылыми дәлелденген. Ал VIII–X ғғ. көне түркілердің киелі мекені болған Астана маңындағы Бозоқ қалашығы жарыстың аяқталу нүктесі.