29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру басталды

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 08.00-дегі жағдай бойынша барлық өңірде 10 033 учаске дауыс беруге кірісті. Сонымен қатар 16 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 17 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі 51 учаскеде жергілікті уақытпен дауыс беру басталатын болады. Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 050 учаскеде өтуде

— деді Мұхтар Ерман.