29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Еліміз бойынша 8 150 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 ҚР Орталық сайлау комиссиясы облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 07-00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 8 150 учаске дауыс беруге кіріскенін хабарлайды. Сонымен қатар 11 шет мемлекеттегі Қазақстанның 12 учаскесінде дауыс беру басталды. Конституциялық заң аясында аумақтық комиссиялар қабылдаған шешімге сәйкес 86 учаскеде дауыс беру сағат 06-00-де басталған болатын

— деді Константин Петров.

Оның атап өтуінше, 5 өңірдегі, атап айтқанда Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы 1 883 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 07-00-де, ал астана уақытымен сағат 08-00-де басталады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында 10 101, оның ішінде 53 шет мемлекеттегі 68 сайлау учаскесі бар екендігін атап өтемін. Оларда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07-00-де басталады. Сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде 11 950 485 сайлаушы бар. Бұған қоса кеше 18-00-де дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін беру аяқталды. Республика бойынша 22 578 куәлік берілді. Сайлаушы онымен еліміздің кез келген жеріндегі сайлау учаскесінде дауыс бере алады

— деді ол.