29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Алтынай Амренова

Заместитель акима Акмолинской области

Цель – улучшить качество жизни

«Люди – главная ценность нашей страны. Поэтому справедливое распределение национальных богатств и предоставление равных возможностей каждому гражданину – ключевая цель наших реформ. Гармоничное развитие общества возможно только при условии обеспечения здоровья нации… Медицина – инвестиционно привлекательная отрасль, нужно только создать правильные условия», – отметил в одном из своих Посланий Президент РК Касым-Жомарт Токаев.

Главные задачи современной системы здравоохранения – улучшение качества жизни казахстанцев и увеличение ее продолжительности. Но и каждый из нас должен помнить: забота и ответственность за наше здоровье в первую очередь лежит на нас самих.

Важная часть профилактической работы по оздоровлению нации – это проведение бесплатных скринингов на выявление самых разных заболеваний на ранних стадиях. В области проводится большая работа по организации таких обследований. Мужчины и женщины от 30 до 70 лет могут пройти скрининг на раннее выявление восьми заболеваний: артериальной гипертензии, ишемической болезни сердца, сахарного диабета, глаукомы, рака шейки матки и молочной железы, колоректального рака, вирусного гепатита.

С нынешнего года планируется внедрение новых видов скринингов. Для мужчин 50-70 лет – раз в два года обследование на раннее выявление нарушений мозгового кровообращения (УЗИ брахиоцефальных сосудов), для девушек 15-17 лет – проведение молекулярно-генетического теста на носительство спинально-мышечной атрофии.

По итогам прошлого года в области обследовано порядка 78,4 тысячи человек (99,7% от плана) на выявление болезней системы кровообращения, сахарного диабета, глаукомы. На выявление рака молочной железы скрининг прошли 35,6 тысячи женщин (охват 96,7%), на выявление рака шейки матки – 30,7 тыс. женщин (охват 95,2%), на рак толстого кишечника – 43,4 тыс. пациентов (охват 99,51%). На вирусные гепатиты В и С в рамках скрининга обследованы более 15,3 тыс. чел.

Один из главных показателей системы здравоохранения – ожидаемая продолжительность жизни. В нашей области она составляет 74,25 лет. Обращаемость населения в службу скорой медпомощи в прошлом году снизилась на 3,4% и составила 287 849 вызовов.
Стоит отметить, что сегодня система здравоохранения претерпевает значительные изменения. Ее главные задачи – предоставлять качественные медицинские услуги, повышать уровень удовлетворенности населения этими услугами, обеспечивать доступ к качественной медицине. Учитывая, что почти половина населения нашей области – сельские жители, главный акцент делается на развитие сельской медицины.

В рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» введены в эксплуатацию 28 новых объектов первичной медико-санитарной помощи, завершение еще десяти запланировано на этот год. Это позволит значительно улучшить доступность медицинских услуг для жителей региона, создать комфортные условия как для пациентов, так и для медицинского персонала.

Что касается лекарственного обеспечения, хотелось бы отметить, что в регионе в медицинских организациях области бесплатные препараты получили 157 тысяч человек по 102 нозологиям заболеваний. Общая стоимость этих лекарств составила 10,8 млрд тенге – на 8% больше, чем за аналогичный период прошлого года.

Первые поставки лекарств в 2025 году стартовали 8 января. В этом году ожидается поставка препаратов на сумму более 12 млрд тенге.
Важным вопросом для развития здравоохранения остается материальное обеспечение наших больниц и амбулаторий. По итогам прошлого года общий уровень оснащенности медицинских организаций области составил 83,6%, за последние пять лет он вырос на 17,6%. В этом году для дальнейшей модернизации медицинских организаций будет закуплена 191 единица медтехники на 3,9 млрд тенге. Все это говорит о том, что государство ведет планомерную работу, чтобы обеспечить население качественными медицинскими услугами.

Улучшение качества медицинской помощи – это ключевая цель государства, за достижение которой несут ответственность все: от младшего медицинского персонала до менеджеров здравоохранения.
Наша страница в Фейсбук! Подпишись!
Денсаулық қай заманда болсын, адам баласының ең басты құндылығы саналады. Ал, дені сау ұрпақ – ұлтымыздың болашағы. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің басты құндылығы – Адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана қоғам орнықты дамиды», – деп айта отырып, қазақстандықтардың өмірін ұзарту және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қойылған міндеттерді нәтижелі шешуге шақырған болатын.

Қазіргі технология дамыған, уақыт зымырап өте шығатын алмағайып заманда әркім өзінің жеке басына, денсаулығына аса көп көңіл бөле бермейді. Өз денсаулығының сыр бере бастағанын дәрігердің қабылдауына барғанда немесе кезекті скринингке шақырған кезде ғана байқап, ойлана бастайды. Осы ретте айтар болсақ, Ақмола облысында тегін скринингтерді ұйымдастыру бағытында айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 30 бен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдердің 8 түрлі ауру бойынша скринингтен өту мүмкіндіктері қарастырылған. Тексерістен уақытында өткен адамдардың бойында артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, колоректальды обыр, вирустық гепатит секілді ауру белгілері болса, оны ерте анықтап, емделулеріне мүмкіндік туады.

2025 жылдан бастап 50-70 жас аралығындағы ер адамдарда мидағы қан айналымының бұзылуын (брахиоцефалдық тамырлардың УДЗ-сы) қадағалап, оны ерте анықтау үшін екі жылда бір рет скринингтік зерттеулерді енгізу және 15-17 жастағы қыздарда арқа-бұлшықет атрофиясын (СМА) анықтауға арналған молекулалық-генетикалық тест жүргізу жоспарлануда.

2024 жылдың қорытындысына үңілсек, қан айналымы жүйесі, қант диабетінің, глаукома ауруларын анықтау бойынша облыста шамамен 78,4 мың адам тексерістен өткен. Бұл скринингтен өтуі тиіс адамдардың 99,7 пайызын құрап отыр. Сүт безі обырын анықтауға арналған скринингке 35,6 мың әйел (қамтылуы тиіс жоспардың 96,7 пайызы), жатыр мойны обырын анықтауға – 30,7 мың әйел (жоспардың 95,2 пайызы), тоқ ішек обырына – 43,4 мың адам (жоспардың 99,51 пайызы)тексерілді. Сонымен бірге, былтыр В және С вирустық гепатиттеріне скрининг бойынша 15,3 мыңнан астам адам тексерілген болатын.

Жалпы, облыс бойынша қазір өмір сүру ұзақтығы 74 жасты құрап отыр. Жедел медициналық көмекке былтырғы жылы 287 849 адам жүгінген. Алдыңғы жылмен салыстырсақ, бұл көрсеткіш 3,4 пайызға төмендеген, яғни, 2023 жылы жедел жәрдемге жүгінгендер саны – 297870 адам болған.

Бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде айтарлықтай өзгерістер орын алуда. Біздің алдымызда ауқымды мақсат-міндеттер тұр. Қазір бізге халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету және тұрғындардың сол көрсетілген медициналық қызметтерге қанағаттануының деңгейін арттыру және осыған қолжетімділікті қамтамасыз ету аса маңызды. Әсіресе, ауыл тұрғындарына басым назар аударылуда. Ал, Ақмола облысы халқының жартысына жуығы ауыл тұрғындары.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы 28 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны пайдалануға берілді. 2025 жылы тағы 10 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл шаралар өңір тұрғындары үшін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға, пациенттер мен медициналық қызметкерлер үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, 2024 жылы облыстың медициналық ұйымдарында 157 мың адам 102 нозология бойынша 10,8 миллиард теңгенің тегін препараттарымен қамтамасыз етілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға артық. Облыстың барлық медициналық ұйымдарында дәрі-дәрмектер беру жүзеге асырылады. 2025 жылға тапсырыс берілген дәрі-дәрмектердің алғашқы легі облысымызға ағымдағы жылдың 8 қаңтарынан бастап жеткізіле бастады. Жалпы, биыл 12 миллиард теңгеден астам сомаға препараттар жеткізіледі деп күтілуде.

Облыста осы саланың материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңарту жайына тоқталсам, денсаулық сақтау басқармасы материалдық-техникалық базаны жаңғырту, озық технологияларды енгізу және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту бағытында жоспарлы жұмыс жүргізуде.2024 жылы облыстың медициналық ұйымдарын жабдықтаудың жалпы деңгейі 83,6 пайызды құрады. Бұл денсаулық сақтауды дамытуға және халықты сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыстың дәлелі. Соңғы бес жылда облыстың медициналық мекемелерін құрал-жабдықтармен жабдықтаудың деңгейі 17,6 пайызға ұлғайып отыр. Бұл саланың тұрақты дамуына жол ашады. Медициналық ұйымдарды одан әрі жаңғырту мақсатында ағымдағы жылы 3,9 миллиард теңгеге 191 медициналық техника сатып алу жоспарланған.

Әрине, біз айтып отырған бұл игі істердің барлығы да қолға алынып жатқан жұмыстарымыздың аз ғана бөлігі деп санаймыз. Расында, өңірде ұлт денсаулығын жақсартуға бағытталған жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осылайша дамыту алда да басты міндетіміз болып қала бермекші.

preload imagepreload image