29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Вторник, 27 февраля

Біздің аппарат ашық режимде жұмыс істеуге дайын — ОСК төрағасы

Бүгін елордада Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Қазақстандағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі миссия басшысы Оуэн Мерфимен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұйымына Қазақстандағы сайлау науқандарына үнемі назар аударатындығы үшін алғыс айтамын. Миссияның еліміздегі кезекті сайлау барысын бақылайтындығына қуаныштымыз. Былтыр 20 қарашада өткен президент сайлауында ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының 300-ден астам өкілі жұмыс істеді. Делегацияның кейбір мүшелерін жақсы танимыз. Сіздердің Қазақстанға келулеріңіз барлық жағынан да жемісті болады деп сенемін

— деді Нұрлан Әбдіров кездесу барысында.

Сондай-ақ, ОСК басшысы сайлау кезінде миссияның толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық жағдайдың жасалатынын айтты.

Біздің аппарат ашық әрі әділ режимде жұмыс істеуге дайын. Біз ашықпыз және қолжетімдіміз

— дейді ол.

Сөзін қорытындылай келе, Нұрлан Әбдіров шетелдік меймандарға Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін жеке таныстырды.

Миссия басшысы ретінде Қазақстандағы сайлау барысын байқау – мен үшін үлкен мәртебе. Соңғы бір жыл ішінде Орталық сайлау комиссиясы бірнеше маңызды саяси науқанды өткізгенін білемін. ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы атынан екіжақты ынтымақтастығымыз үшін Орталық сайлау комиссиясына алғыс айтамын. Жұмыс кезінде жасалған барлық жағдай мен мүмкіндіктер үшін де рахмет

— деді ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі миссия басшысы Оуэн Мерфи.

Бұған дейін ЕҚЫҰ миссиясы Мәжіліс сайлауын байқау жұмысын бастайтыны туралы хабарлаған едік. Миссия байқаушылары жұмысын 7 ақпанда бастап, 29 наурызда аяқтамақ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Қазақстандағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі миссия басшысы Оуэн Мерфиді қабылдауы барысында белгілі болды.

Наша страница в Фейсбук! Подпишись!