Қытай Халық Республикасында Қазақстан Елшілігі жанындағы №257 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де (Астана уақытымен 18:00-де) жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бейжіңдегі №257 учаске өз жұмысын аяқтады. Мұнда күні бойы сайлаушылардың белсенді қатысуы байқалды
— деді Қазақстанның Қытайдағы дипломатиялық өкілдігі жанындағы учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аққошқаров.
Осы күндері Бейжіңнің Чаоян ауданында ковидке байланысты шектеулерге қарамастан, сайлаушылардың бүгінгі белсенділігі жақсы болды
— деді ол.
Қазақстан Республикасының Қытайдағы Шанхай және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтарының жанындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Қазіргі уақытта дауыс санау жүргізілуде.