29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Вторник, 15 октября

Қателесіп дауыс берген жағдайда бюллетеньді ауыстыруға бола ма

Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова әрбір сайлаушы өз бюллетенін бір рет өзгертуге құқылы екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бюллетеньді жәшікке салғанға дейін өзгертуге болады.

Егер сайлаушы өзі қатесін жәшікке салмай тұрып байқаса, онда учаскелік комиссияға жүгініп, жаңа бюллетень сұраса болады

— дейді Айгүл Қалықова.

Сондай-ақ ол бүлініп қалған бюллетень жарамсыз деп саналатынын атап өтті.

Дауыс беруден кейін мұндай бюллетеньдер қолданылмаған бюллетеньдермен бірге жойылады. Жарамсыз бюллетень орнына жаңасы дауыс берушіге бір рет қана беріледі

— деп ескертті ол.