29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Отрадный ауылдық округінде нашақорлықтың алдын алуға арналған волейбол турнирі өтті

Жарқайың ауданының Отрадный ауылдық округінде Жастар ресурстық орталығы мен ауылдық округ әкімдігінің бірлесуімен ауыл тұрғындары арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу.

Турнир достық пен ұйымшылдық атмосферасында өтті. Ауыл жастары мен тұрғындары белсенді қатысып, спорт арқылы бірлік пен өзара қолдаудың маңыздылығын көрсетті. Мұндай жарыстар жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, денсаулықтарын нығайтуға және белсенді өмір салтын ұстануға ынталандырады.

Турнирдің өтуіне «Сұлтан» шаруа қожалығының басшысы Қазистай Сұлтанхамит Жантөреұлы демеушілік көрсетіп, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірді.

Турнир қорытындысы бойынша:I орын — МТМ командасы, II орын — «Сұлтан» шаруа қожалығының командасы, III орын — әкімдік командасы.

Сондай-ақ турнир барысында ерекше көзге түскен ойыншылар Жастар ресурстық орталығының арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Отрадный ауылдық округінің әкімі Бейбут Есентаев мұндай спорттық шаралардың ауыл жастары үшін маңыздылығын атап өтті:

Спорт — жастарды біріктіретін, оларды дұрыс өмір салтына бағыттайтын маңызды құрал. Осындай турнирлер арқылы жастар бос уақытын тиімді өткізіп, денсаулығын нығайтады. Болашақта да ауылымызда спорттық іс-шаралар жалғасын табады деп сенемін

– деді ол.

Өз кезегінде Жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Ғазез жастар арасында профилактикалық жұмыстардың маңыздылығына тоқталды:

Біздің мақсатымыз – жастарды спортқа тарту арқылы зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Осындай турнирлер жастардың белсенділігін арттырып, ауыл тұрғындарын ортақ игі іске біріктіреді

– деді ол.

Мұндай бастамалар жастар арасында спорт мәдениетін дамытуға, қоғамдық бірлікті нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосуда.

Мы в Instagram! Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!