Жаса, жаса, Тәуелсіздік! (Публицистикалық толғау)
Иә десейші, егеменді ел болдық деп, бөркімізді аспанға атып, қуанышымыз қойнымызға сыймай әрі-сәрі күй кешкеніміз күні кеше ғана сияқты еді-ау! Уақыт әлбетте жүйрік қой. Міне, содан бері иә, иә, Тәуелсіздік алғанымызға да 30 жылдан астам уақыт өткен екен. Осы орайда Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауында еліміздің ілгергі күндергі даму стратегиясын айқындап, әлемді жайлап отырған пандемиядан кейінгі кезеңде елді одан әрі дамытуға, басты байлығымыз – денсаулық ісін жақсартуға, болашақ ұрпақты сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бес баста