29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 24 ноября

Теміртаулық ұландар қатары 100-ден астам жас сарбазбен толықты

3 ақпан күні Теміртау қаласындағы Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінде салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Сарбаздарға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіру үшін Ұлттық ұлан “Орталық” өңірлік қолбасшылығының басшылығы, бөлімнің ардагерлер құрамы мен сарбаздардың ата-аналары арнайы келді. Іс-шараны бөлім командирі подполковник Данияр Усербаев құттықтау сөзімен бастады.

Сарбаздар, бүгін сапта тұрған әрбіреуің үшін жауапты күндердің бірі. Әскери антты ержігіт өмірінде тек бір-ақ рет қабылдайды, есесіне антына адал болу, бұл мәңгілікке. Сондықтан, ел қорғаушылар, осы күннен бастап бөліміміздің қатарында адал да абыройлы қызмет етесіңдер деп сенемін,

— деді бөлім командирі сарбаздарға өз сенімін білдіріп.

Айта кетелік, аталмыш іс-шара барысында Ұлытау, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарынан шақырылған 100-ден астам жас сарбаз көпшілік алдында еліне ақтық демі қалғанша абыроймен қызмет етуге серт берді.

Әрбір ер азаматтың борышы — елі мен жерін қорғау. Бүгін міне, біздің шақырылым әскери анттарын қабылдап, Отан қорғаушы атанды. Антымызға адал боламыз,

— деп жас жеткіншектердің қатарынан Ұлытау облысынан шақырылған қатардағы Бексұлтан Жөкебаев сөз сөйледі.

Мы в Instagram! Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!