Ұлттық ұланның 3517 әскери бөлімінде ел алдындағы борышын өтеген 2-2022 жылғы шақырылым сарбаздарына арналған кұрметтеу кеші өткізілді.
Шара барысында сарбаздар Степногорск қаласының әкімінің атынан алғыс хаттармен, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбековпен бөлім командирінің
атынан мадактақтамамен марапатталды.
Бүгінде еліміздің әр өңірінен келген боздақтар бір жыл қызмет етіп аман-есен үйлеріне қайтқалы жатқан сарбаздар, аянбай тер төгіп анттарына берік жауынгерлер, ыстық пен суықтың ызғарына шыдап бекетте қырағы атаңғандар мадақталып, үлкен қошеметке ие болып жатыр, еліміздің ішкі тәртібін сақтау жолында сыртта қалмай, борышын өтегендерге мың алғыс
— деп өз алғысын білдірді 3517 бөлімінің командирі подполковник Досан Куркенов.
Кештің маңызды сәті болып әскери бөлімінің отыз төрт жауынгеріне қызмет үздігі атанғандығы үшін жоғарғы оқу орындарына грантқа тусуге арналган сертификат табыстау рәсімі атанды.
Әскерге келіп дәрежелі атанып жатырмыз, бұл ең алдымен ата-анамыз, туған туысқандарымыздың алдында өзіндік үлкен жетістік деп ойлаймын, бастапқы күннен бізге жаға атанып әскери өмірге үйреткен командирлерімізге рахмет айтамыз
— дейді 2 атқыштар ротасының сарбазы аға маман Медеу Сыпабеков.
Салтанатты шара Степногорск қаласының көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.