29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 25 ноября

Облыс бойынша 728 сайлау участкесі жұмыс істеп тұр

Ақмола облысында 728 сайлау учаскесі құрылды. Өңір бойынша сайлаушылар саны 517 714 адам, оның ішінде алғаш рет дауыс бергендер саны 2512 адам, деп хабарлайды Aqmolnews ақпарат агенттігі.

Барлық учаскелер қажетті құралдармен толықтай жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Сайлауды бақылау үшін Ақмола сайлау комиссиясы 6 қоғамдық бірлестікті аккредиттеді, сонымен қатар сайлауды шетелдік бақылаушылар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер бақылайды

— деп мәлімдеді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Көкшетау қаласындағы №1 орта мектеп гимназиясында орналасқан №8 сайлау учаскесінде де барлық жағдай жасалған. Сайлаушылар қарасы қалың. Жасы да, еңкейген қария да өз азаматтық борышын орындауға келді. Отбасымен келіп дауыс беріп жатқандар да бар. Мысалы Мұқановтар жанұясы осы сынды саяси науқанға белсене атсалысуға тырысамыз, себебі біз ел болашағы жарқын болғанын қалаймыз дейді.

Бүгінгі сайлауға асыл жарыммен бірге келдік. Туысқандарымыз бен жақындарымызды да сайлауға барып, таңдау жасауға шақырдық. Әрине елінің болашағына бей-жай қарамайтын кез келген азамат өзінің дұрыс таңдауын жасауы қажет. Еліміздің болашағына сенеміз

-дейді сайлаушы Коңысбай Мұқанов.

Көкшетау қаласындағы №1 орта мектеп гимназиясында орналасқан №8 сайлау учаскесі ашыла салып, ең алғаш дауыс беруге келген әріптесіміз, «Көкше» телеарнасының тілшісі Калымбек Мұхамеджанов ағамыз екен.

Бұндай саяси әрі тарихы оқиғалардан тысқары қалмайға тырысамын. Әр сайлаушының дауысы маңызды. Әрі бүгінгі өтіп жатқан сайлау аса күрделі және үлкен маңызға ие. Ел өркендеуіне халық болып үлес қосайық

-дейді сайлаушы.

Айталық, №8 участкеде, сағат 12:00-ге дейін 311 адам дауыс берді. Негізі 1523 тұрғын осы сайлау участкесінде дауыс беруі тиіс. 3 адам үйде дауыс береді. Дауыс беру процесі бақылаушылардың қатан қадағалауында.