29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 24 ноября

Сайлау: Дайрабаев пен Қажыкен тіл емтиханынан қандай баға алды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының шешімімен құрылған лингвистика комиссиясының төрағасы Әділ Ахметов пен оның мүшесі Дихан Қамзабек президенттікке үміткерлер Жигули Дайрабаев пен Мейрам Қажыкеннің тіл емтиханын қалай тапсырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үміткерлердің жазба жұмысы ксерокөшірме арқылы көбейтіліп, комиссияның әр мүшесіне таратылды. Әрқайсысы өзінің тапқан қателері болса, белгілерін қояды. Сол бойынша ең соңында қорытынды жасалады. Екеуіне де «мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды шығарылды». Ал бес балдық жүйемен бағаласақ, меніңше, бірінші тапсырған үміткер «4», екіншісі «5» деген баға алды

— деді комиссия төрағасы Әділ Ахметов.

Комиссия мүшесі Дихан Қамзабектің де пікірі осыған ұқсас болды.

5 балдық жүйемен бағаласақ, Мейрам Қажыкен мырзаға «-4», Жигули Дайрабаев мырзаға «-5» деген баға қояр едім. Бірақ бұл менің жеке пікірім. Бұл жерде шешім ұжымдық негізде қабылданады. Тілді идеалдық деңгейде білу деген филологтардың ғана жететін жетістігі ғой. Сондықтан сауаттылығы, мазмұны, ойы, ұсынған тұжырымдамасы ескерілді. Тіл тұрғыдан келгенде екеуі де өз үдесінен шықты, өз биігінен көрінді деп есептейміз

— деді комиссия мүшесі Дихан Қамзабек.