29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Жагалау озера Копа вновь наполнилось звуками домбры

В честь Национального дня домбры на побережье Жагалау Кокшетау состоялся масштабный флешмоб, который собрал около 3000 домбристов со всей Акмолинской области. Музыканты одновременно исполнили знаменитый кюй Курмангазы «Балбырауын», превратив городской воздух в живую музыку степи.

Звуки домбры, гармонично сливающиеся с утренней прохладой и шумом волн, подарили жителям и гостям города атмосферу настоящего духовного праздника. В глазах участников и зрителей отражались искренняя гордость и преданность национальным традициям.

В уникальном музыкальном событии приняли участие представители культурных учреждений, фольклорные ансамбли, воспитанники детских школ искусств и профессиональные исполнители со всех районов области. Возглавила коллектив исполнителей заслуженная артистка Казахстана Бисара Макенова, отметившая особую важность преемственности поколений.

Это не просто концерт — это праздник духа и преемственности. Особенно символично, что мероприятие проходит на родной земле салов и сереев, на живописной набережной Кокшетау. Домбра — наша священная реликвия, и ее звук должен звучать в каждом доме. Пока сердца наших детей бьются в ритме домбры, дух народа будет жить

— подчеркнула музыкант.

Среди участников флешмоба было много молодых исполнителей. Так, юная домбристка Айгерим Нурдибеккызы из города Косшы отметила, что занимается домброй чуть более года и в этот день исполнила кюи «Балбырауын» и «Адай».

Для меня большая честь быть частью такого масштабного события. Это ценный опыт и источник вдохновения. Поздравляю всех с Национальным днем домбры!

— поделилась она.

Не остались равнодушными и зрители. Житель Кокшетау Орал Рахимов отметил важность подобных мероприятий для формирования национального самосознания.

Сегодняшний день поднимает национальный дух и объединяет всех казахстанцев. Пусть домбра всегда занимает достойное место в каждом доме, а такие праздники станут доброй традицией

— сказал он, завершив свое выступление стихотворными строками, посвященными домбре.

Одновременное исполнение кюя столь большим количеством музыкантов стало символом единства народа и примером высокой исполнительской дисциплины. Музыканты из разных районов и коллективов показали, как кюй способен объединить людей разных возрастов и взглядов.

Своим мнением о значении флешмоба поделился и ученик 11 класса школы села Костомар Аршалынского района Акниет Амантай.

Я занимаюсь домброй уже шесть лет и выучил более 20 кюев. Участие в этом мероприятии — большая честь и важное событие в моей жизни. Этот день навсегда останется в памяти

— отметил школьник.

Руководитель управления культуры Акмолинской области Айгуль Сабитова подчеркнула масштабность и значимость акции.

Около 3000 домбристов одновременно исполнили кюй Курмангазы. Это не просто музыкальное выступление, а яркая демонстрация национального духа и глубокого уважения к традициям. Пусть День домбры и в дальнейшем отмечается с таким же размахом

— подчеркнула руководитель.

В этот день звуки кюя слились с дыханием степи, став ритмом сердца народа. Участники и зрители расходились с мероприятия, наполненные гордостью и вдохновением.
Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!
Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының әйгілі «Балбырауын» күйін 3000-ға жуық домбырашы бір мезетте орындап, қала аспанын күймен тербетті. Осылайша Қопа көлінің жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды.

Таңғы салқын леп пен толқынның сыбдырына қосылған домбыра үні — қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз рухани тойға айналды. Ұлттық мұраға деген іңкәрлік пен мақтаныш алаңға жиналған әр адамның жанарынан байқалды.

Бірегей көрініске облыстың түкпір-түкпірінен келген мәдениет ошақтарының өкілдері, фольклорлық ансамбльдер, өнер мектептерінің тәрбиеленушілері мен кәсіби күй шеберлері қатысты. Жас домбырашылар алдын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова бастап, көппен бірге күй шертті.

Бұл Үкілі домбыра мерекесі. Кешегі сал-серілердің мекенінде, Көкшетаудың көркем жағалауында осындай игі шараның өтіп жатқаны үлкен қуаныш. Бұл кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық дүние. Домбыра –қасиетті мұрамыз. Оның үні әр қазақтың үйінен өшпесін. Ұрпағымыздың жүрегі домбырамен соғып тұрса, елдің рухы ешқашан сөнбейді

— деді өнер майталманы.

Флешмобқа қатысушылардың арасында жас өнерпаздар да көп болды. Солардың бірі Қосшы қаласынан келген Айгерім Нұрдібекқызы. Ол домбыра тартып жүргеніне бір жылдан асқанын айтып, бүгін «Балбырауын» мен «Адай» күйлерін орындағанын қуана жеткізді.

Осындай үлкен шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе әрі шабыт. Ұлттық домбыра күнімен баршаңызды құттықтаймын!

— дейді ол.

Шараға арнайы келіп, ерекше көріністің куәсі болған көкшетаулық тұрғын Орал Рахимов та әсерімен бөлісті.

Бүгінгі шара – ұлттың рухын көтеретін ерекше күн. Қара домбыра әрдайым төрімізден түспесін. Тек қазақтың тойы болсын!

— деп жүрекжарды тілегін білдірді. Тіпті шараға арнап домбыра туралы өлең жолдарын да оқып берді.

3000 домбырашы бір мезетте бір күйді шертуі тек техникалық үйлесім ғана емес, бұл рухани тұтастықтың белгісі. Әртүрлі ауылдан, әртүрлі жастан, түрлі ұжымнан жиналған домбырашылар бір алаңда бас қосып, қазақтың бөлінбес бірлігін күй арқылы паш етті.

Флешмобқа қатысушы, Аршалы ауданының Қостомар мектебінен келген 11-сынып оқушысы Ақниет Амантай да өзінің жүрекжарды тілегін білдірді.

Домбыра үйірмесіне қатысқаныма 6 жыл болды. Осы уақыт ішінде 20-дан астам күй үйрендім. Бүгін осындай үлкен шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл күн – бәріміз үшін ерекше

— дейді.

Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова бұл шараның ауқымдылығына назар аударып, жылдағыдан ерекше өтіп жатқанын жеткізді.

Облыстың түкпір-түкпірінен келген 3000-ға жуық домбырашы бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Бұл тек музыкалық қойылым емес, бұл — ұлттық рухтың жаңғыруы. Домбыра күні жыл сайын осылай кең көлемде аталып өтсін!

— деді.

Бұл күні күмбірлеген күй — даланың үніне, ұлттың жүрек лүпіліне айналды. Домбыраның қоңыр үнімен сусындаған көпшілік алаңнан ерекше шабытпен тарасты. Демек, күймен өрілген осы күн ұлттық сана мен руханияттың жарқын беті ретінде ел есінде сақталары анық.