На базе одного из крупных предприятий Кокшетау ТОО «Асыл Арман» прошёл областной форум «Өндіріс жүрегі – жұмысшы маман», организованный Акмолинским областным филиалом партии «AMANAT».
Мероприятие состоялось в рамках Года рабочих профессий, в нем приняли участие 13 ведущих колледжей региона. Более 100 студентов собрались на форум. Руководитель предприятия по производству полиэтиленовых мешков Серик Керуенбаев рассказал молодёжи о деятельности фабрики и поделился своим профессиональным опытом.
В ходе форума председатель областного филиала партии «AMANAT» Берген Беспалинов, подчеркнув основную цель мероприятия, отметил:
Сегодня здесь собрались молодые люди, которые будут строить сильный, конкурентоспособный и технологически развитый Казахстан. В нашей стране треть населения — молодёжь, средний возраст граждан составляет 32 года, и эта доля продолжает расти. Поэтому объявленый Главой государства Год рабочих профессий — важный шаг для повышения их престижа и популяризации технических специальностей среди молодёжи
В рамках форума для студентов, прибывших из разных уголков области, были организованы экскурсии по цехам фабрики по пошиву полиэтиленовых мешков. Руководители цехов провели ознакомительные туры и мастер-классы.
Кроме того, был подписан трёхсторонний меморандум о сотрудничестве между ТОО «Асыл Арман», областным филиалом молодежного крыла «Жастар рухы» и учреждениями профессионального образования.
Также от имени заместителя акима Акмолинской области А. Амиреновой, акима города Кокшетау А. Кумпекеева и председателя областного филиала партии Б. Беспалинова были вручены благодарственные письма работникам цехов, швеям и специалистам предприятия, отличившимся в труде.
ТОО «Асыл Арман» — крупное предприятие, успешно работающее в Акмолинском регионе с 2002 года. На сегодняшний день компания обеспечивает постоянной работой более 900 человек и экспортирует полиэтиленовые мешки и полимерную упаковку в ближнее и дальнее зарубежье.
Наше сообщество в Одноклассниках. Вступай!
Көкшетау қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі – «Асыл арман» ЖШС базасында «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Өндіріс жүрегі – жұмысшы маман» атты облыстық форум өтті.
Іс-шара биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп, форумға өңірдің 13 жетекші колледжі қатысты. Ауқымды шараға 100-ден астам студент жиналды. Полиэтилен қаптарын шығаратын «Асыл арман» кәсіпорнының жетекшісі Серік Керуенбаев жастарға өндіріс бағыты туралы кеңінен әңгімелеп, өз еңбек жолынан тәжірибесімен бөлісті.
Форум барысында «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов іс-шараның басты мақсатына тоқталып:
Бүгін бұл жерде мықты, бәсекеге қабілетті әрі технологиялық тұрғыдан дамыған Қазақстанды қалыптастыратын жастар жиналып отыр. Елімізде халықтың үштен бірі — жастар, азаматтардың орташа жасы — 32 жас, әрі бұл көрсеткіш өсіп келеді. Сондықтан Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтар жылын жариялауы — бұл бағыттағы беделді арттыру мен техникалық мамандықтарды жастар арасында танымал ету үшін маңызды қадам болды
— деп атап өтті.
Форум аясында облыстың түкпір-түкпірінен келген студенттерге полиэтилен қаптарын тігетін фабриканың цехтары таныстырылды. Цех жетекшілері экскурсия ұйымдастырып, шеберлік сабақтарын өткізді. Сонымен қатар «Асыл арман» ЖШС, «Жастар рухы» облыстық филиалы және кәсіби білім беретін колледждер арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Әміренова, Көкшетау қаласының әкімі А. Күмпекеев және партияның облыстық филиалының төрағасы Б. Беспалиновтың атынан еңбекте ерекше көзге түскен цех жұмысшыларына, тігіншілерге және кәсіпорын мамандарына арнайы алғыс хаттар табысталды.
«Асыл арман» ЖШС Ақмола өңірінде 2002 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан ірі кәсіпорын. Бүгінде кәсіпорын 900-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып, полиэтилен қаптары мен полимер қаптамаларын алыс және жақын шетелдерге экспорттайды.

