22 января 2023 года в 17-06 часов поступило телефонное сообщение о том, что произошел пожар в с.Сарыколь Целиноградского района в 2-х квартирном жилом доме на площади 70 кв.м., – сообщает пресс-служба ДЧС Акмолинской области.
Стоит отметить, до прибытия пожарного подразделения соседом Адильханом Казыбай спасены двое несовершеннолетних детей 2015 г.р. и 2020 г.р., которые для дальнейшего осмотра были госпитализированы в Городскую больницу №2 г.Астана. Состояние удовлетворительное. Младший сержант Адильхан Казыбай служит в РГУ «Войсковая часть 01068» КНБ РК. Сейчас он находится в отпуске.
О произошедшем пожаре я узнал от мамы, когда добрался до места происшествия, узнал что дома остались двое детей. Сразу же, не задумываясь разбив окно начал искать детей, по пути мне встречались маленькие куклы, которых я принял за детей. Затем я подошел к окну подышать свежим воздухом и продолжил поиски, оказалось, что дети спрятались в своей комнате, сперва нашел девочку, которая лежала на полу без сознания, подбежав к окну передал ее матери, после начал искать второго ребенка, оказалось что он тоже лежал в углу без сознания, взяв ребенка я выбежал на улицу. В это время огонь начал сильно разгораться, однако прибыли пожарные и начали тушить пожар
– рассказал Адильхан Казыбай.
На место проишествия были направлены восемь сотрудников личного состава и две ед.техники Департамента по ЧС. Локализованный в 19-11 пожар ликвидирован в 22-25 часов. В ходе тушения пожара произошел хлопок газовоздушной смеси, в результате чего произошло частичное обрушение кровли. Жертв и пострадавших нет. Причина пожара устанавливается.
Департамент по ЧС Акмолинской области просит жителей и гостей соблюдать правила пожарной безопасности. При возникновении чрезвычайных ситуации звоните по номеру «101» либо «112». Берегите себя и своих близких!
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2023 жылғы 22 қаңтарда сағат 17-06-да Целиноград ауданының Сарыкөл ауылында 70 ш.м. алаңда 2 пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін көрші Әділхан Қазыбаймен 2015 ж. т. және 2020 ж.т. екі кәмелетке толмаған балалар құтқарылып, Астана қаласының №2 қалалық ауруханасына жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық. Кіші сержант Әділхан Қазыбай ҚР ҰҚК «01068 әскери бөлімі» РММ-де қызмет етеді. Қазіргі уақытта еңбек демалысында.
Бұл жағдай туралы анамнан естідім, оқиға орнына жеткен кезде үй иесі үйде екі бала бар деп шырылдып жүгіріп жүр еді. Бірден ойланбастан терезені сындырып балаларды іздеуге кірістім, бөлмелерді аралап жүрген кезде бала ма деп ойласам, кішкентай қуыршақтар кездесті, терезеге қайта барып таза ауа жұтып іздестіруді жалғастырдым, балалар өздерінің бөлмелерінде тығылып қалған екен, ес-түссіз күйінде талып жатқан жерлерінен бірінші қызды тауып алып анасына табыстадым, одан соң телефонның жарығымен екінші баланы іздей бастадым, ол да бір бұрышта ес-түссіз талып жатыр екен, баланы алып лезде далаға шықтым. Шыққан кезде өрт лап етіп қатты жана бастады, ол кезде өрт сөндірушілер келіп, өртті ауыздықтай бастады
– деді Әділхан Қазыбай.
Оқиға орнына жеке құрамның сегіз қызметкері және ТЖ Департаментінің екі бірлік техникасы жіберілді. 19-11-де оқшауланған өрт сағат 22-25-те жойылды. Өртті сөндіру кезінде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, нәтижесінде шатыр жартылай құлаған. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақмола облысының ТЖ департаменті тұрғындар мен қонақтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларын сұрайды. Төтенше жағдайлар туындаған кезде «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!