В Кокшетау прошло торжественное собрание, посвящённое Дню Республики. В рамках мероприятия были награждены государственными наградами более 50 акмолинцев, внесших значительный вклад в социально-экономическое развитие региона.
Поздравляя жителей области с главным государственным праздником, аким Акмолинской области Марат Ахметжанов подчеркнул символичность Дня Республики, который в этом году отмечается в честь 35-летия принятия Декларации о государственном суверенитете. Этот исторический документ стал отправной точкой в становлении политической системы и закрепил важнейшие принципы государственного устройства страны.
В своём выступлении глава региона отметил весомый вклад акмолинцев в развитие области и страны.
В последние годы по инициативе Президента в разных направлениях проводятся масштабные реформы. Началась новая эра нашей государственности. В стране реализуются крупные проекты, такие как “Адал азамат”, “Закон и порядок”, “Таза Қазақстан”. Благодаря вашему упорному труду мы достигли больших успехов. Искренне благодарю вас за активное участие в развитии нашего региона на этом благородном пути
— отметил Марат Ахметжанов.
Аким области также поздравил аграриев с успешным завершением уборочной кампании, ставшей исторической для региона.
Благодаря своевременно принятым мерам удалось повысить урожайность зерновых культур и провести уборку качественно и в срок. В результате наша область собрала рекордный урожай — 7,6 млн тонн зерна
— подчеркнул глава региона.
В своём докладе Марат Ахметжанов также остановился на достижениях в сфере инвестиций, жилищного и социального строительства и других направлениях развития области.
Торжественное собрание продолжилось церемонией вручения государственных наград. По поручению Президента страны Касым-Жомарта Токаева аким Акмолинской области Марат Ахметжанов наградил работников сельского хозяйства и строительной отрасли, представителей здравоохранения и образования, а также ветеранов труда и общественных деятелей.
Көкшетауда Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан 50-ден астам ақмолалық мемлекеттік наградамен марапатталды.
Облыс тұрғындарын еліміздің басты мемлекеттік мерекесімен құттықтаған Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Республика күнінің айрықша мәнін атап өтті. Биыл бұл мереке еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Аталған тарихи құжат елдің саяси жүйесінің қалыптасуына жол ашып, мемлекеттік құрылыстың маңызды қағидаттарын бекітті.
Өз сөзінде өңір басшысы ақмолалықтардың облыс пен елдің дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.
Соңғы жылдары Президенттің бастамасымен түрлі бағыттарда ауқымды реформалар жүргізілуде. Мемлекетіміздің жаңа дәуірі басталды. Елде «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» сияқты ірі жобалар жүзеге асырылуда. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында біз үлкен жетістіктерге жеттік. Өңіріміздің дамуына белсенді атсалысып келе жатқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін
– деді Марат Ахметжанов.
Аймақ басшысы сонымен қатар облыс диқандарын өңір үшін тарихи маңызы бар егін жинау науқанының табысты аяқталуымен құттықтады.
Уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде дәнді дақылдардың өнімділігі артты, ал егін орағы сапалы және мерзімінде жүргізілді. Соның нәтижесінде облысымыз рекордтық көлемде – 7,6 млн тонна астық жинады
– деп атап өтті өңір басшысы.
Өз баяндамасында Марат Ахметжанов инвестиция, тұрғын үй және әлеуметтік құрылыс, сондай-ақ басқа да салалардағы жетістіктерге тоқталды.
Салтанатты жиын мемлекеттік марапаттарды табыстау рәсімімен жалғасты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласының еңбеккерлерін, денсаулық сақтау және білім беру саласының өкілдерін, сондай-ақ еңбек ардагерлері мен қоғам қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.





