12 октября т.г. около 21.00 часов вечера в отдел полиции Атбасарского района поступило сообщение о факте хулиганства в одном из кафе города.
Прибывшими на место происшествия сотрудниками полиции было установлено, что один из посетителей заведения, находясь в состоянии сильного алкогольного опьянения, вел себя агрессивно, демонстрировал неуважение к другим клиентам кафе, громко выражался нецензурной бранью, вступил в конфликт с официантом и разбил посуду, принадлежащую заведению. Сумма ущерба устанавливается.
В целях обеспечения принципа неотвратимости наказания стражи порядка задержали мужчину, и доставили его в отдел полиции. Нарушитель был идентифицирован, как местный житель, 1991 г.р.
Согласно заключению медицинского освидетельствования, мужчина находился в состоянии тяжелого алкогольного опьянения.
Отделом полиции по данному факту начато досудебное расследование по ч. 1 ст. 293 УК РК «Хулиганство».
Напоминаем, что санкцией данной статьи хулиганство, то есть нарушение общественного порядка, выражающееся уничтожением или повреждением чужого имущества, – наказывается штрафом в размере до 2 тысяч МРП либо исправительными работами, либо ограничением свободы на срок до 2 лет, либо лишением свободы на тот же срок.
Мы в Instagram! Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!
Ағымдағы жылдың 12 қазанында кешкі сағат 21.00 шамасында Атбасар ауданының полиция бөліміне қала дәмханаларының бірінде бұзақылық фактісі туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мекемеге келушілердің бірі қатты мас күйінде өзін агрессивті ұстағаны, дәмхананың басқа клиенттеріне құрметсіздік көрсеткені, балағат сөздер айтқаны, даяшымен жанжалдасқаны және мекемеге тиесілі ыдыстарды сындырғаны анықталды. Залал сомасы белгіленуде.
Жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары ер адамды ұстап алып, полиция бөліміне жеткізді. Құқық бұзушы 1991 ж. т. жергілікті тұрғын ретінде анықталды, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адам қатты мас болған.
Полиция бөлімі осы фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Естеріңізге сала кетейік, осы баптың санкциясымен бұзақылық, яғни бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы көрінетін қоғамдық тәртіпті бұзу – 2 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарымен, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.