Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде жауынгерлік қызметті ерлермен қатар нәзік жанды әйелдер қауымы атқаратыны барлығымызға мәлім. Олар лауазымдық міндеттерінен басқа, әскери қоғамдық ұйым – әйелдер кеңесінің мүшесі болып табылады.
Әйелдер кеңесі бөлім қолбасшылығы мен бөлімшелердегі командирлерге сарбаздарды тәрбиелеуге, түрлі кәсіби, дәстүрлі мерекелер мен айтулы даталарды атап өтуге күш жұмсап келеді.Бүгінде әйелдер құрылымының жұмысы жанданып, біршама мәселелердің шешімі табылуда. Оған дәлел, әскери қызметшілердің мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы, жалғызбасты аналардың балаларын балабақшаға орналастыру, жазғы лагерьге бару, әкім шыршасына қатысу, жаңа жылдық сыйлыққа ие болу, спонсорлық көмек және бірлескен жұмыс арқылы шешімін тапты.
Сонымен қатар, әскери қызметші-әйелдер ұлт қорғаны ретінде ұлттық құндылықтарды насихаттап, дәріптеуде. Осы орайда,Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінде Халықаралық әйелдер күні қарсаныңда әйелдің отбасында және қоғамдағы орны, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен отбасылық құндылықтарды ұмытпау және сақтауға дәріптеу, насихаттау, жаңғырту, жас ұрпаққа жеткізу мақсатында «Ұлттық құндылықтар –ұлт қорғаны» тақырыбында тәрбие-танымдық сағат өткізілді.
Тәрбие-танымдық сағат бөлім клубында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерімен қазақи кигіз үйдің керегесі мен құрал-жабдықтары безендендірілген, дастархан жайылған дөңгелек үстел басында өтті.
Іс-шарағаҚазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің белсенді мүшесі Кишкинтаева Айтжан Амангелдіқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің үйлестірушісі Жумасултанова Жадира Умирбековна,«Аманат» партиясы әйелдер қанатының төрайымы Жаманқұлова Гүлсара Мырзабекқызы, Қостанай қаласының мәслихат депутаты, «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының басшысы Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы, Қостанай қаласының мәслихат депутаты Жумабекова Гульшат Тогузбаевна қатысты.Ісшара ресми түрде шашумен ашылып, шымылдығын әскери бөлімнің әскери қызметшісі Есімсейіт Абзалдың қызы Есімсейіт Қымбаттың орындауында қазақ халқының ұлттық аспабы-жетігенде ән айтылды.
Әсем әннен кейін ісшара тізгінінҚазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің белсенді мүшесі Кишкинтаева Айтжан Амангелдіқызы алып, Отан қорғаушылардың, оның ішінде Әлия мен Мәншүктің жолын қуған әскери бөлім нәзік жандыларына елге еткен қызметтеріне ризашылығын білдірді.
«Отан – отбасынан басталады» демекші, осы Отанды қорғап отырған ерлермен қатар, әскери қызметші-әйелдердің еңбегі ерекше деп атап өтіп, ең бастысы отбасы берекесін, ауызбірлігін тіледі.
Жас ұрпаққа біздің ұлттық құндылықтарымыздың, әдемі де тәрбиелік мәні зор дәстүрлеріміздің мәні түсіндірілетін іс-шараға қуана қатысып отырғанын білдірді. Содан кейін, дастархан басында отырған нәзік жандыларға сәлем салу, шай құю рәсімін көрсетті.
Шай құю рәсімі өтіп жатқан уақытта, бөлімнің әскери қызметшісі кіші сержант Сапабекова Эльвира «Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деп, қазақтың ұлттық аспабы домбырамен әсем әнін отырған қауымға орындады.
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі, демекші, келіннің отбасындағы рөлі айтылды. Бір шара үстінде сәлем салу, шай құю, шашу, бата беру сияқты салт-дәстүрлер көрсетілді. «Аманат» партиясы әйелдер қанатының төрайымы Жаманқұлова Гүлсара Мырзабекқызы 1 ақпан – ақ орамал күні белгіленгенін айтып, ақ орамалдың қадір-қасиетін түсіндіріп, іс-шарада отырған барлық әйелдер қауымына оюмен өрнектелген ақ орамалды табыстады. Кейін, қонағымыз «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының басшысы Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы қазақ халқының салт-дәстүрлері тақырыбындағы әңгімені әрі қарай өрбітіп алып кетті.
Қонағымыз Гүлшат Тоғызбайқызы отбасылық құндылықтар, ананың отбасындағы рөлін қозғап, іс-шараның керемет ұйымдастырылғанын атап өтті. Дастарханда отырған әскери-қызметші-әйелдер өз әсерлерімен бөлісіп, болашақта бірлескен іс-шаралар жалғасын табатына сенім білдірді.
Керемет отырыс соңында қонақтарға іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге атсалысып, үлес қосқандары үшінбөлім қолбасшылығы атынан алғыс хаттар және «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналы табысталды. Бөлім әйелдер кеңесімен ұлт тәрбиесі, жастар тәрбиесі, ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, патриотизм тақырыптары аясында атқарылады деп табылған бастамалар жеткілікті.
Тәрбиелік мәні бар бірлескен осындай іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатындығын сеніміміз мол!