14 наурыз – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні
14 наурызда Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және картография күні атап өтіледі. Бұл – жер кадастрын жүргізуді қамтамасыз ететін, геодезиялық деректердің дәлдігін сақтауға және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға үлес қосатын мамандардың кәсіби мерекесі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері жер кадастры бағыты бойынша қазақстандықтарға 68 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш шамамен 487 мың қызметті құраған. Бұл жер қатынастары саласындағы қызметтерге сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Кәсіби мереке қарсаңында Мемлекеттік корпорация өкілдері «Жерге орналастыру және кадастр: заманауи тәсілдер мен цифрлық құралдар» тақырыбында өткен ғылыми семинарға қатысты. Іс-шара Жер ресурстары, сәулет жән

