Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасы цифрлық кеңістіктегі құқықтарды қорғауды күшейтеді
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жеке өмірге қол сұқпау құқығы мәселесі көпшілік үшін аса маңызды екенін айтты. Министрдің айтуынша, бұл жаңа Конституция жобасының 21-бабында көрініс тапқан.
"Қазіргі Конституцияның 18-бабында бұл құқықтың негізгі кепілдіктері бұрыннан бекітілген. Атап айтқанда, әркімнің жеке және отбасылық құпиясына, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына, банктік салымдарының, хат алмасуының, телефон арқылы сөйлесулерінің және өзге де хабарламаларының құпия сақталуына құқығы бар. Осы нормалар ұзақ жылдар бойы адамның негізгі жеке құқықтарының берік іргетасы болып келеді" - дейді Аида Балаева.
Сондай-ақ, бүгінде уақыт өзгергенін, қазір біз цифрландыру дәуірінде өмір сүріп жатқанымызға тоқталды.
"Онлайн-платформалар, элек










