«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»
2024 жылдың 12 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына үндеуінің негізгі қағидаларын талқылауға арналған магистратура кафедрасында білім алып жүрген әскери қызметшілер құрамының отырысы ұйымдастырылды.
Кафедра магистранттары Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауын жылы қабылдап, ел өміріне серпіліс беретін жағымды жаңалықтарға куә болып, халықтың өмір сүру сапасын арттырып, əлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған жолдауы туралы кеңінен əңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды. Жолдауда мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау, қала көшелеріндегі заң