⚠️ Желіде жалған ақпарат таратқаны үшін нақты жауапкершілік туындайды
Қазақстанда жалған ақпарат тарату фактілері бойынша құқық қолдану тәжірибесі қалыптасып келеді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 5 айында ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы (Жалған ақпаратты, құқыққа қайшы контентті орналастыру, тарату) бойынша 59 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша 20 қылмыстық іс тіркеліп, олардың бір бөлігі сотқа жолданды.
Талдау көрсеткендей, жауапкершілікке тартуға тек бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желілердегі хабарламалар, пікірлер, бейнероликтер және өзге де пайдаланушы контенті негіз болуы мүмкін.
Соңғы мысалдардың қатарында, төтенше жағдайлар туралы жалған мәліметтер тарату, шынайы оқиға ретінде көрсе









