«Мен өмірді таңдаймын»: Көкшетауда 2000-ға жуық тұрғынды біріктірген есірткіге қарсы ауқымды акция болып өтті
"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Көкшетауда өткен "Мен есірткісіз өмірді таңдаймын!" атты кең ауқымды акция Халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналды. Қала жағалауында екі мыңға жуық тұрғын салауатты өмір салты және есірткі құқық бұзушылықтың алдын алу идеясын қолдады.
Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, прокуратураның, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еріктілер, жастар бірлестіктері, спортшылар мен облыс орталығының тұрғындары қатысты.
Акцияны аша отырып, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова және Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ерлан Акбаров нашақорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл тек мемлекет, қоғам және жастар бірлесіп жұмыс істеген кезде ғана мүмкін болатынын, ал алдын



