Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 87-бап
Қазіргі қолданыстағы Конституцияда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген баптардың бір қатары Ата заңның Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқаруды қамтыған VIII бөлімі.
Аталған бөлімде барлығы 5 бап бар. Соның ішінде 87-бап еліміздегі өңірлердің әкімдерін тағайындау немесе сайлау тәртібіне арналған.
Оқырмандардың есінде болса, өткен жылы еліміздегі ауыл әкімдерін сайлау жүйесі енгізілген болатын. Ал Мемлекет басшысы өз сөзінде алдағы уақытта бұл үрдіс аудан әкімдеріне қолданылатынын айтқан еді.
87-бапта атап көрсетілгендей, бұған дейін елдегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерін жергілікті мәслихаттың келісімімен Президент тағайындап келген болатын.
Осы жолы жалпыхалықтық референдумға ұсынылған Ата заң жобасында 87-баптың 4, 5-тармақта