Референдум кезінде басқа қалада жүрген азаматтар қалай дауыс береді
5 маусымда өтетін республикалық референдум кезінде азаматтар есептен шығару куәлігімен болатын жеріндегі сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда азаматтардың тұрғылықты жерін ауыстырған кезде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі бойынша дауыс беру құқығы қарастырылған. Осыған байланысты Конституциялық заңның нормаларын іске асыру үшін Орталық референдум комиссиясы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады»
- деп атап өтеді комиссиядан.
Таратылған мәліметке сәйкес, қаулы