Іргелі ұйымның миссиясы
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы 20 қарашада жоспарланған еліміздегі маңызды саяси науқан – кезектен тыс президент сайлауын байқау бойынша миссиясын бастады.
Ел билігінің арнайы шақыртуымен келген халықаралық ұйымның мүшелері сайлау күні ғана емес, науқанға дейін де, кейін де жұмыстарын жалғастырып, нақты бағасын бермек. Бюро басшысы Уршула Гацек аталған ұйым бұған дейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердегі 400-ден астам саяси науқанға қатысқанын атап өтті.
Құрамда 11 халықаралық сарапшы, 30 ұзақ мерзімді байқаушы бар. Сондай-ақ сайлауға бірнеше күн қалғанда қатарға қосылатын 300 қысқа мерзімді байқаушы тіркеледі. Басты мақсат – сайлаудың ЕҚЫҰ міндеттемелеріне және демократиялық сайлау өт