Ақмола облысында Республика күніне орай алып ту жайылды
Республика күніне орай Ақмола облысының «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері Көкшетаудың Орталық алаңында Мемлекеттік туды жаю акциясын өткізді, деп хабарлайды Kazinform.
«Менің Елім-Менің туым» акциясына «Жастар Рухы» Жастар қанатының мүшелері мен 55:10 әскери бөлімінің оркестрінен құралған 250-ден астам адам қатысты. Жиналғандар Мемлекеттік туға және Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін білдіру үшін алаңға ұзындығы 24 метр, ені 12 метр болатын туды алып шықты.
Ақмола облысының «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекешов атап өткендей, Мемлекеттік ту – егемендігіміз бен біртұтастығымыздың символы. Оны құрметтеу кез келген қазақстандықтың міндеті.
Біз осынау акцияға жастардың белсенділік танытып, бір адамдай болып қатысқанына қуаныштымыз. Бұл б