Армия — мемлекетіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі
Қазіргі қуатты Қазақстан экономикалық, гуманитарлық мүмкіндіктерімен ғана мәртебелі емес, әскери әлеуеті де мықты елге айналғанымыз шындық.
Кәсіби шеберлігі ерекше, жауынгерлік әзірлігі мен қабілеті жоғары сарбаз - ұлттық қауіпсіздігіміз бен мемлекет мүддесін сенімді қорғау тірегіне айналуда. Осы тұста ел қауіпсіздігін сақтауда, Отан алдындағы борышын атқарған сарбаздарды марапаттап, атап өткен артық етпейді.
2023 жылғы 2 қарашасы Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінде 2-2022 жылғы шақырылым сарбаздары жауынгерлік қызметін қырағы әрі үлгілі атқарғаны үшін, мерзімді әскери қызметшілерге «Ефрейтор» шеңі берілді. Аталған іс-шараға Бас Қолбасшылықтың әскери полиция басқармасының бастығы полковник Қ.Тамашинов және бөлім командирі подполковник Омаров